Сұрақ: «Неліктен кішкентай баланың жыныстық зорлануы сияқты жан түршігерлік нәрселерге жол беретін Құдайға сиыну керек?»
біздің Жауап: Кішкентай баланың жыныстық зорлануынан асып түсетін заң бұзушылық жоқ шығар. Бұл жәбірленушіге жойқын әсерін тигізіп, жүрегіне кетпестей сызат қалдырады. Бұл жерде ашу-ызаға булығу орынды іспетті. Мұндай әрекеттерге беретін ешқандай түсінік жоқ.
Алайда, Құдайдың жаратқан жақсы нәрселерін адамдардың алып, олардың сиқын бұзуына Құдай кінәлі емес. Әкелердің өз қыздарын жыныстық жәбірлеуі, аналардың өз ұлдарына тіл тигізіп сөзбен жәбірлеуі Құдайдың кінәсі емес.
Біз, адамзат, өзіміз таңдаған нәрсені істеуге еріктіміз.
Құдайдың басқа адамдардың бізге жамандық жасауын тоқтатпайтыны жайлы фактіге қалай қарайсыз?
Құдайдың бізді басқа адамдарға жамандық жасаудан тоқтатпайтыны жайлы фактіге қалай қарайсыз?
Біз Құдайдың қандай-да бір шектер жиынтығын белгілеп, ал сол шектен шыққан адамдарды жазалайтын болса деп тілеуіміз мүмкін. Біз Құдайдың кішкентай баланы жыныстық жәбірлеген кез келген адамды өлтіруін ұсынуымыз мүмкін.
Олай болса, ересек адамдарды балаларды жыныстық жәбірлеуге баулитын балалар порнографиясын өндірушілер туралы не дейсіз? Құдай оларды да өлтіріп тастаса дұрыс болар ма еді?
Ал, Құдай тіл тигізіп сөзбет жәбірлейтін адамдармен не істеу керек? Сөздер жүрекке ауыр жарақат салады. Әлбетте, біз қалаған нәрсемізді істейміз. Мен бізге осындай нәрселерді істеуге жол беретін Құдайға неліктен адамдардың ашуланатынын түсінбеймін.
Әлде Құдай бізге қалай өмір сүруіміз керегі жайлы ашып бермеді ме?
Егер әркім 10 Өсиетті ұстанып өмір сүретін болса, ешқандай кішкентай бала ешқашан зорланбас не жәбірленбес пе еді?
Егер әркім 10 Өсиетті ұстанып өмір сүретін болса, онда ештеңе ешқашан ұрланбас, ешқандай жұбай неке адалдығын бұзбас, ешкімнің ұлы не қызы өлтірілмес пе еді?
Құдай бізді басқарудан гөрі, бізге еркіндік береді. Құдай ешкімнің таңдауларына араласпайды. Қайта, Ол барлық адамдардың бір күні жасаған істеріне жауап беретініне және әділдіктің жүзеге асырылатынына көзімізді жеткізеді. Сот үкімі бекітілген нұсқауларға негізделінетін болады.
Қалай жақсы өмір сүруге болатындығы туралы айту жеткіліксіз. Тіпті Құдай да осыны айтады.
Құдай бізге тереңірек бір нәрсенің қажет екенін айтады.
Сіз өмірде өзіңізге үлкен ықпалын тигізген адамдар жайлы ойланып көріңізші. Мұғалім, не досыңыз, не туысқаныңыз. Өзіңіз шынымен де таңырқап қарайтын адам. Сізге олардың өмірге деген көзқарасы, адамдарға қалай қарайтыны ұнайды. Сіз өзіңізді солар сияқты болсам деп тілейсіз.
Олар сіздің жүрегіңіз бен ойлауыңызға да әсерін тигізді.
Дәл сол сияқты, Құдай бізге дінмен не ережелермен байланыста болуды емес, қайта Өзімен қарым-қатынаста болуды ұсынады.
Құдаймен қарым-қатынас бізді жай ғана дұрыс және бұрыс сияқты сыртқы ережелерге мойынсұнудан да жоғарыға апарады.
Иса бізді шақыруда: «Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің, жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін! Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен, өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен, тыныштық табады сонда көңілдерің».1
Ол әділдікті аңсап зарыққандар бақытты, олар қанағат табатын болады дейді. «Өмірді барынша молынан» аңсайтындар, оны табатын болады. Бұл ережелердің ешқашан жасай алмайтын нәрсесі. Бізге жай ғана «жақсы болуға тырысудан» да көпті істеу қажет.
Иса бізді Оны жүректерімізге қабылдауға шақырады: «Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын. Кімде-кім даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан дүниесіне еніп, онымен бірге «дастарқандас» боламын...».2
Егер сіз басқа біреудің әрекеттерінің құрбаны болсаңыз, және әлі де сонымен терең күресіп жүрген болсаңыз, Құдай сіздің жүрегіңіз бен ой-санаңызды сауықтыра алады, ондай басқа ешкімнің қолынан келмейді.
Бұл қиын таңдау жасау сияқты көрінуі мүмкін... Осының болуын тоқтатпаған Құдай, сізді жұбатып, қайта қалыпқа келуге көмектесетін де сол Құдай. Басқа адамның Құдайдың жолдарына қарсы әрекет еткені анық. Сізде Құдайдың сүйіспеншілігін қабылдап, сауығатын мүмкіндік бар.
Иса зардап шегудің не екенін біледі. Ол біз үшін айқышта өз өмірін құрбан етті.
Сіздің өміріңізде жасаған нәрселеріңізді, біреудің сізге істеген нәрселерімен салыстыруға келмейді. Дегенмен, бәріміз де әртүрлі жолдармен күнә жасадық.
Исаны ұрып-соғып, артынша шамамен 40-тан аса рет ұштарына темір байланған тоғыз өрімді дойыр қамшының астына алды. Содан кейін Оның білектері мен аяқтарын айқыш ағашқа шегелеп тастады, Ол жан тапсырғанға дейін сол айқышта керіліп тұрды. Бұл қатыгез де мейірімсіз азаптау болды.
Иса алдын ала Өзінің айқышқа керілу арқылы өлетінін білді. Ол шәкірттеріне бірнеше рет Өзінің тұтқындалып, Құдайға мойынсұнбайтын басқа ұлт адамдарына ұстап берілетінін айтқан болатын: «Оны мазақтап, қамшымен сабайды, ақырында айқышқа шегелеп өлтіреді. Алайда Ол үшінші күні қайта тіріледі!»3
Ол шәкірттеріне айқышқа керілер алдында былай деді: «Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі — олар үшін өмірін құрбан етуі».4
Иса бізге мынаны ұсынады: «Әкем Мені қалай сүйсе, Мен де сендерді солай сүйемін. Сүйіспеншілігімді қабылдай беріңдер!».5 Иса Өзінің бізге деген сүйіспеншілігін дәлелдеді.
Иса бізді өмірді Онымен бірге өткізіп, Өзін және Оның бізге деген сүйіспеншілігін тануға және Оның бізді жаратқандағы ниеттеген адамды қайта қалпына келтіруге шақырады. Бұл адамның иемдене алатын ең құнды қарым-қатынасы. Бұл сізге Құдаймен қалай қарым-қатынасты бастауға болатынын түсіндіреді.
► | Менің сұрағым бар… |
► | Құдаймен қарым-қатынасты қалай бастау қажет? |
Сілтемелер: (1) Матай жазған Ізгі хабар 11:28,29 (2) Аян 3:20 (3) Матай жазған Ізгі хабар 20:18,19 (4) Жохан жазған Ізгі хабар 15:13 (5) Жохан жазған Ізгі хабар 15:9