Атеистің құдайды қалай тапқандығы Жайлы оқиға

Ешбір Құдай жоқ деп сенген атеист туралы жеке куәлік және қандай фактілер оның Құдайға келуіне түрткі болды?

Авторы: Мэрилин Адамсон

Діни адамдар: «Құдайдың бар екенін қалай білесіздер?» - деген менің сұрағымнан ашуланатын.

Мүмкін олар менің ниетім туралы білгісі келетін шығар. Немесе олар қалай жауап беру керектігін білмейтін шығар. Олардың көпшілігінің жауаптары: «Қалай десем екен, Құдайдың барын жай ғана білесің».

Осыдан кейін бірнеше ай өткеннен кейін мен: «Міне, Құдайға сенеміз деп айтатын адамдар бар, бірақ ешкім де қандай себеппен сенетінін білмейді!» - деп ойладым. Бұл Санта-Клаус туралы шындықты біліп, үйрену сияқты. Құдай толығымен жалғандық ретінде көріне бастағандай болды. Мүмкін, кейбір адамдар Құдайға сенуге мұқтаж шығар, бірақ анығына келгенде еш дәлел болмады. Объективті дәлел жоқ. Мен ең қатал қорытындыға келдім … Құдай шын мәнінде жоқ.

Мен бұл көзқарасты жылдар бойы ұстанып, өзгертемін деп еш ойламадым. Бірақ содан кейін мен Құдайға деген қызығушылық туғызған бір адамды кездестірдім. Ол қамқоршы, мейірімді және өте ақылды адам болды. Зиялы адамның Құдайға сене алғаны Мені қатты абыржытты.

Ол Құдай туралы өзінің ең жақын досы сияқты айтты. Ол оны қатты жақсы көретініне сенімді болды. Мен оның өмірін жақсы білетінмін. Қандай да бір мәселе болмасын, ол барлығын Құдайға әкеліп, тапсыратын, сөйтіп оның шешімін табуға немесе қандай да бір Құдайдан қамқорлық алуға қадамдар жасап жататын. Ол маған өзінің қалай Құдайға өз алаңдаушылықтары туралы айтып, жауап беретініне сеніп, дұға ететіні туралы ашық айтатын. Бір жылдан астам уақыт бойы мен оның дұғаларына қандай жауаптар алатынын көріп жүрдім. Мен оның өмірін әр түрлі жағдайлар пайда болған кездерде көріп жүрдім, ал оның Құдайға деген сенімі табанды болып қала берді.

Сондықтан мен бір жағынан Құдайға сенгім келді, өйткені мені оның өмірі және басқаларға деген сүйіспеншілігі мені таң қалдырған еді. Бірақ ақыл-ойыма қарсы менің түсінігіме қарсы нәрсеге сену маған қиын болды. Құдай жоқ десек. Бұл жақсы идея, бірақ бар болғаны осы. Бір нәрсені дұрыс деп айтуды қаласаңыз, ол шындық болып кетпейді.

Осы уақыт ішінде мен жеке философиямды дамытып көрдім.

Мен көптеген адамдар мүмкін жасамайтын нәрсені жасауға тырыстым. Бірнеше апта бойы мен кезек кезекпен белгілі бір философтың өмірге деген көзқарасын зерттей бастадым … Ницше, Юм, Достоевский, Сартр, Платон және т.б., содан кейін сол көзқарасты өз өміріме қолданып көрдім. Өмірімде пайдаланғанда мінсіз, іс жүзінде көмектесетін философияны іздей бастадым. Мен олардың философияларының бір нәрсесі жетіспейтінін немесе іс жүзінде қолдануға келгенде тым қолайсыз екендігін байқап жаттым. Бірақ ізденуімді тоқтатпадым.

Мен досыма Құдай туралы ойыма келетін кез келген сұрақ қоятын болдым. Мен кешкі уақыттарда ұйықтамай, сұрақтарды жазып отыратын едім. Сөйтіп бұл бір жылдан астам уақытқа созылды. Бір күні ол маған кітап1 ұсынған еді, оның ішінде әр түрлі сұрақтарға қысқа жауаптары беріліпті, мысалы, Құдай бар ма; Иса - Құдай ма; Киелі кітап туралы не деуге болады? Оның ішінде фактілер келтірілген. «Сен сенуің керек» деген сияқты ешбір нұсқаулар жазылмаған.

Мен Құдайға қатысты кейбір дәлелдердің ақылға қонымды екенін байқадым. Мен үшін әсіресе судың химиялық қасиеттері мен жердің күнге қатысты орналасуы сияқты дәлелдер сеніміме серпіліс берді. Осының бәрі өте жақсы құрастырылып, тым жақсы жасалған болып көрінді. Менің «оның ар жағында ештеңе жоқ» деген сенімім Құдайдың бар болуы мүмкіндігіне қарағанда әлсіз болып көрінді. Менде сенімсіздікті оятатын, күмән келтіретін себептер аз еді, ал Құдай болуы мүмкін деген қорытынды жасауға әкелетін басқа да себептер көп болды.

Содан кейін өмірімдегі сол кездегі философияма толықтай соққы беретін жағдайға тап болдым. Мен өз сенімімді артып жүрген нәрселерім мүлдем жеткіліксіз болып жатты. Мен үшін толықтай сенімді болып келген өмірге деген көзқарасымды жоғалтқаным мені қатты таң қалдырды. Алайда, жағдай өздігінен шешіліп, мен алға жүріп кеттім. Менің тұлғалық қасиетім өте тұрақты деуге болады. Өмір бойы шынайы «мұқтаж» болып, сезініп көрмеппін. Үнемі бола беретін дағдарыс жоқ. Соншалықты үлкен болып көрінетін мәселелер не қиыншылықтар да жоқ. Және, әрине, мен ешнәрсеге байланысты өзімді кінәлі сезінбедім.

Бірақ Құдай туралы түсінікті мен ақыл-ойымнан сырып тастай алмадым….Ол сол жерде болды ма? Ол бар ма? Мүмкін құдай бар шығар…..

Бірде мен қайтадан досыммен сөйлесіп отырдым, маған керекті ақпараттардың менде бар екенін ол білді. Менде қоятын сұрақтарым таусылып қалғанын ол білді. Дегенмен мен әлі де пікір таластыра бергім келді. Кенеттен бір айқын сәтте досым маған бұрылып, былай деді: «Білесің бе, мен бұл шешімді сен үшін жасай алмаймын, ал Құдай мәңгілікке күте алмайды».

Мен бірден оның айтып отырғаны дұрыс екенін білдім. Мен өте маңызды шешімге байланысты ойнап жүргенімді көрдім. Сондықтан мен үйге барып, шешім қабылдауға тиіспін деп шештім. Мен Құдайдан менің өміріме келуін сұрауым керек немесе осы тақырыпты мәңгілікке тоқтатып, ешқашан Құдайдың бар екендігіне байланысты мүмкіндікті қайта қарастыруға жол бермеуге тиіспін. Мен осы шешімді қабылдауға байланысты шаршадым. Бұл туралы ойланудан шаршадым.

Сөйтіп, келесі үш-төрт сағат бойы мен оқыған және байқаған барлық нәрселерді қарап шығып, талқыға салдым. Мен бәрін де сынап көрдім.

Мен Құдайды жақтайтын дәлелдердің соншалықты зор екеніне көзім жетті, бұл жерде Құдай жоқ дегенге сенуден гөрі Құдайға сенудің өзі ақылға сыйымды екендігін түсіндім. Сонда мен сол қорытындыға сай әрекет етуім керек болды.

Құдайдың бар екендігін ақыл-парасатыммен мойындау, бұл өте жеңіл болатынын мен білдім. Бұл, ұшақтар бар … деп шешім қабылдаумен бірдей болар еді. Ұшақтарға сенім арту мағынасыз болып табылады. Алайда, егер сіз бір жерге баруыңыз қажет болса және сол жерге әуе жолымен жету керек болса, онда сіз нақты шешім қабылдауға тиіссіз және ұшаққа отыруға әрекет жасайсыз.

Маған негізінде Құдаймен сөйлесу туралы шешім қабылдау керек болды. Мен Оның өміріме келуін сұрауға тиіс едім.

Бірнеше сағат бойы ойланып отырғаннан кейін мен Құдайға былай деп сөйлей бастадым: «Жарайды, сен жеңдің, мен Сенің менің өміріме келуіңді сұраймын, Сен өзің қалаған нәрсені менің өмірімде жасай аласың». (Менің ойымша, Құдай бар болғандықтан, менің өміріме әсер етуге және басқаруға Құдайдың құқығы бар деп шешу ақылға қонымды болып көрінді).

Мен төсегіме барып, жаттым, ал келесі күні таңертең Құдай әлі де сол жерде ме екен деп ойладым. Шынымды айтсам, мен Оның сол жерде екенін «сезінгендей» болдым. Бір нәрсені нақты білдім. Кенеттен менде өзім сенім артқан сол Құдайды жақыннан танып білуге деген үлкен қалау пайда болды.

Мен Киелі кітапты оқығым келді. Мен оқи бастаған кезде, Құдай өзінің кім екенін және Онымен осы қарым-қатынасқа қалай қарайтынын көрсетіп, түсіндіре бастаған тәрізді болды. Бұл керемет болды. Мені әсіресе таң қалдырғаны Ол өзінің сүйетіндігі туралы қаншалықты жиі айтатыны. Мен мұны күтпеген едім. Мен ойымда, тек Құдайдың бар екендігін мойындап қана қойған едім. Мен Одан ешнәрсе күткен жоқ едім, бірақ Киелі кітапты оқығанда, Ол маған деген сүйіспеншілігін маған жеткізуді жөн көрді. Бұл таң қалдырды.

Ал енді менің негізгі, күмәншіл табиғатым әлі де берілген жоқ еді. Алғашқы бірнеше ай немесе шамамен бір жыл бойы өзіме былай деп сұрақ қойып жүрдім: «Мен шынымен Құдайға сенемін бе? Және неге мен сенемін?». Мен Құдайдың бар екеніне сенгенімнің бес объективті себептерін әдіс-тәсілдермен қарап шығатын едім. Сондықтан менің «сенімім» Құдайға деген сезімге емес, фактілерге, себептерге негізделген.

Мен үшін бұл ғимараттың іргетасына ұқсайды. Фактілер / себептер менің сенімімді қолдайды. Бұл Алтын Қақпаның Көпірімен өтетін адамға ұқсайды. Олар көпір туралы не қаласа соны сезінеді. Бірақ бұл көпірдің құрылысы / конструкциясы / материалдары оларды көпірдің бір жағынан екіншісіне қарай қауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді. Сол сияқты, Құдайдың объективті түрде бар болуы - оның бар екендігіне сенудің логикалық, тарихи, ғылыми себептері болып табылады және мен үшін өте маңызды. Осыны қажет етпейтін адамдар бар көрінеді. Бірақ мен ақымақ болып көрінуді жек көремін, сәл болса да ақылға салып, ойлағанды жөн көремін. Құдайдың бар болуын көрсететін негізгі себептер мен үшін маңызды болып табылады.

Менің тәжірибем, 2-ші бөлім - Құдайдың басқа да дәлелдері

Сол уақыттан бері мен енді бірнеше жыл бойы мәсіхші болғаннан кейін, неге қазір Құдайға сенемін? Құдайға сенуді жалғастыруыма қандай себептер бар?

Олардың қайсысын алсам да Сіз үшін сенуге тұрарлықтай болады деп айта алмаймын. Бірақ мен бұл мәселені ысырып, қоя тұрып, сізбен ашық болуға тырысып көрейін. Бұрын менің сұрақтарым Құдайдың бар екендігі туралы болатын. Құдаймен қарым-қатынас жасап, бастағаннан кейін мен Құдайдың шынайы бар екеніне қатысты басқа да дәлелдемелерді көре бастадым. Мынау сияқтылар…

1. Менде сұрақтар, алаңдаушылықтар болғанда немесе бір мәселе бойынша түсінік алғым келгенде, Құдай маған Киелі кітап арқылы сөйлейді. Маған көрсететіні әрдайым менің сұрағыма сай келеді, және мен күткеннен әлдеқайда жақсы, қанағаттанарлықтай жауап береді. Міне мысал.

Бір күні менің жоспарларым, уақыттың жоқтығы және міндеттемелерім мойынымды көтертпей, ұстап тұрып алды. Мұрыныңызбен тіреліп, мұршаңыз болмай жүргенде қандай сезімде болатыныңыз Сізге айқын шығар, сіз алдымен не істеу керектігін білмей қаласыз?

Сонда мен бір парақ қағаз бен қалам алып шығып, Құдайдан былай деп сұрадым: «Жай ғана маған айтшы не істеуім керек, мен соны істеймін». Мен 100% жауапкершілікті иығыма асып алып, толығымен дайын болып тұрдым, себебі мен Құдайдан негізінен басымдықтарды белгілеуді сұрадым, неден бастайын соны көрсетші дегендей, айтсаң болды, орындаймын деп ойладым.

Содан кейін мен Киелі кітапты ашып, дереу Исаның соқыр адаммен сөйлесіп тұрған жерден бастап оқыдым. Иса одан былай деп сұрады: «Менің сен үшін не істегенімді қалайсың?»

Мен сол жерді қайталап оқыдым. Иса одан былай деп сұрады: «Менің сен үшін не істегенімді қалайсың?» Мен таңғалдым, содан кейін қаламды алып, енді … Құдайға мүлдем басқа тізімді жаза бастадым. Бұл Құдайдың болмысы екендігін түсіне бастадым. Ол бізге жанымызда екендігін есімізге салып отырады. Қамқорлық жасайтынын және орындауға қабілетті екендігін білдіреді.

Мен бұл мысалды таңдап алдым, себебі бұл қысқаша болған жағдай. Бірақ мен жүздеген мысалдарды келтіре аламын, мен Құдайға сұрақ қойған кездерімде, ол маған толықтай, дәлме-дәл жауап беріп отырған еді. Мүмкін, Оның менің сұрақтарыма жауап беруге дайын болуы маған ұнайтын және мен бағалайтын Құдайдың ерекше қасиеті шығар.

Бұл нәрселерді мен басқа мәсіхшілерден үйренген жоқпын. Бұл менің Құдаймен қарым-қатынасым қалай жүзеге асатынын көрсетеді. Мен Оған сұрақ қойған кезде мен шынымен Оған қалағанының бәрін айтуға мүмкіндік беремін деген көзқараста боламын … менің ойларымды түзетуге, менің өмірімдегі дұрыс емес бағытты көрсетуге, мен қай жерде оған сене алмай жүргенімді көрсетуге мүмкіндік беремін. Және Ол менімен әрқашан мейірімділікпен сөйлеседі.

2. Сол сияқты, шешім қабылдауға бағыт бағдар қажет болғанда, ол оны қамтамасыз етеді. Менің ойымша, Құдай біздің шешімдерімізге байланысты қамданады. Мен сенемін, Оның біздің өмірімізге арналған жоспары бар, Ол менің кімге үйленгенімді, қандай жұмыс түрін жасағанымды және одан маңыздылығы төмен де шешімдер қабылдауыма байланысты қамданады. Алайда, мен қандай тіс пастасын сатып алуыма, және көптеген басқа күнделікті шешімдерді қабылдауыма байланысты қамданатынына сенбеймін. Бірақ менің өміріме әсер ететін немесе менің өмірім арқылы жүзеге асырғысы келетіндер шешімдерге қатысты …менің ойымша ол қамданады.

Құдай маған нақты бағыт бағдарды қашан берді?

Бір жолы Таяу Шығыстағы сапарыма қатысты шешім қабылдауыма тура келді. Тәуекелге қатысы болғандықтан, Құдай менің барғанымды қаласа ғана мен баруға дайын болдым. Оның не істегінімді қалайтынын білу мен үшін маңызды болды.

Екі рет әр түрлі уақытта мен Құдайдан жұмыс туралы сұрадым. Екі рет оның маған берген бағдары айқын болды, сол себептен кез-келген сырттан бақылап отыратын адам тура сондай пікірге келер еді. Бір кішкене ғана мысалды келтірейін.

Колледждің жоғарғы курстарында оқып жүрген кезде, бітіргеннен кейін мәсіхшілер ұйымына жұмысқа орналасамын деп шешім қабылдадым, ол үшін Калифорнияға көшу қажет болды.

Бұл Милад мейрамы кезіндегі демалыс уақыты болды, сол кезде мен ата-анама барған едім. Бір күні кешкісін мен өзім жалғыз отырып, достардың үлкен тізімі туралы ойландым. Менімен бірге Калифорнияға көшіп барғанымда менімен бір бөлмеде тұру үшін кіммен сөйлесуге болатындығын білгім келді. Кристи есімді бір қыз есіме келді, ол оқуын бітіріп, Айова штатында жұмысқа орналасқан еді. Мен оның бір бөлмеде менімен тұра алатын тамаша бөлмелес көрші болады деп ойладым, бірақ бірнеше ай бойы онымен сөйлесе алмадым. Кенеттен 30 минуттан кейін ата-анамның үйіне Кристи маған телефон соқты.

Оның маған айтқан бірінші сөйлемі былай болды: «Мен сенің осы мәсіхшілер ұйымына жұмысқа орналасатының туралы естідім». Мен сасып қалдым, себебі Огайо штатындағы бір ғана досыма осы туралы айтқан едім.

Ол сөзін былай деп жалғастырды: «Жақсы, менде кәстрөлдер мен табалар және ыдыс-аяқтар бар». Мен: «НЕ?» деп сұрадым. Ол Калифорниядағы сол қалаға көшіп баратын болыпты, және өзімен бөлмелес көрші бола алатын адам туралы менен білгісі келіпті?

Жақсы, мен не туралы айтқым келіп отырғанын түсіндіңіздер ме.

Сіз сұрауыңыз мүмкін, бұл осыншама үлкен іс пе, неге тіпті осы шешімде Құдайдың көмегіне жүгінесің деп? Мен ата-анамның бұл жұмысқа толық қарсылық білдіретінін білдім. Менің ата-анаммен қарым-қатынасыма мәңгі әсер етуі мүмкін деп ойладым. Сондықтан бұл жеңіл шешім болмады. Мен Құдайдан өз қалауы бойынша мені жетелеуін сұрадым. Және Ол жетеледі. Бұл жұмысқа байланысты шамамен басқа он жағдай шығып тұрды.

Басқа себептер болса да мен әлі де Құдайға сенемін …

3. Өмір туралы түсінік беру тұрғысынан - неге біз осындамыз, мақсатымыз қандай, өмірде қандай нәрсе маңызды, бағалайтын не ұмтылатын қандай нәрсе бар - Құдай кез-келген жерде оқыған кез келген нәрсеге қарағанда жақсырақ жауап береді. Мен бірнеше философиялық және діни көзқарастар мен басқа да өмірлік ұстанымдарды зерттедім. Киелі кітапта оқығандарым, Құдайдың тұрғысынан көргендерімнің барлығы басқатырғыштың жек-жеке бөліктері болып келеді.

Мен үшін Киелі кітаптан оқитын жерлер әлі де көп, және Киелі кітаптың бетін жапқанда «Мен оны түсіне алмадым» деп айтамын. Сондықтан мен Киелі кітаптағы барлық нәрсені толық түсінемін дегенді білдірмейді. Керісінше, мен Құдайдың ашқан нәрсесі тұрғысынан өмірдің маңыздылығы түсіне аламын деп айттым. Бұл жердегі тіршілікке арналған нұсқаулықты оқып үйрену сияқты, алайда біз тек нұсқаулықты ғана орындауға тиіспіз дегенді білдірмейді. Жаратушы бізге олардың барлығы қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді, содан кейін күнделікті бізге жеке өзімізге қатысты бағыт бағдарды ұсынады.

4. Құдаймен тығыз қарым-қатынас кез келген адаммен болатын қарым-қатынастан тереңірек. Мен екі баласы бар, некедегі адам ретінде, сондай-ақ көптеген өте жақын достары бар адам ретінде айтып отырмын. Оның сүйіспеншілігі мінсіз. Ол керемет рақымды. Ол менімен қайда болсам да бірге жүреді, алдында айтып кеткендей, менімен сөйлеседі. Мені сырттан бақылаушы ретінде қаратып, таң қалдыратын әр түрлі әрекеттерге Өзі араласады. Ол сенім немесе ілім емес. Оның менің өмірімде әрекет ететінін мен көремін.

5. Мен өз өміріме қатысты жасаған әрекеттерге қарағанда Ол менің өміріммен көбірек айналысты. Бұл кемелсіздіктің немесе өз-өзіме сенімсіз болудың айғақтары емес. Мен мұны өзім ойлағаннан әлдеқайда асып түскен жетістіктерге негізделіп айтып отырмын. Ол қашанда маған бағыттар, шешімдер, даналық пен ізгі ниет сыйлап, мен ойлағаннан артық ынталандырып жатты.

Ал, әрине бұдан да көп айтпақпын, бірақ менің ойымша, бұл жеткілікті. Мен білмеймін менің айтқандарым сіздерді сендіріп жатыр ма жоқ па, бірақ мен қолымнан келгенше сіздерге шынайы болуға тырыстым.

Егер сіз мені атеистік тәжірибемнен Құдайға сенуге жетелеген кейбір тағы дәлелдерді көргіңіз келсе, осы екі мақаланы қарап көріңіз:
      Құдай бар ма?
      Соқыр сенімнен тысқары

Қорытынды

Мен Құдайды білудің құндылығы туралы ойланғанда, ол мынаны білдіреді: біз өмірді түсінеміз, айқындықпен жүре аламыз, біз соққылардан аулақ бола аламыз, бізді Құдай жетелей алады, шындықты білеміз, күш-қуат/ үміт/ тыныштыққа ие боламыз және бізді үнемі сүйетін және бізге сенімді болып қала беретін Тұлғамен ең маңызды қарым-қатынаста болып, қуана аламыз. Бізді жаратқан Құдай ешкім жасай алмайтындай осының бәрімен қамтамасыз етеді. Осы өмірді табысты және сеніммен өту үшін, біз Онымен байланыста болып, Оған жүгінуіміз керек. Біз оны танығанша, біз үнемі іздейміз, әрдайым басқа мүмкіндіктерді тексеріп, олардың барлығы жеткіліксіз екендігін көреміз. Бірақ Құдайдың онымен қарым-қатынаста болу туралы ұсынысына жауап бергенде, біз қанағаттанамыз, бәріне қол жеткіземіз. Қазір біздің өмірімізде жоспар бар және сол жоспарға сай бізді жетелей алатын Біреумен бірге өмір сүруге біз жабдықталғанбыз.

 Құдаймен қарым-қатынасты қалай бастау қажет?
 Менің сұрағым бар…

Сілтеме: (1) Пол Е. Литтл, «Неліктен сенетініңді біл», IVP Book

Басқалармен бөлісу:  

TOP