Иса және Ислам

Міне Ислам дінін ұстанушылар мен басқалардың Иса туралы жиі сұрайтын алты сұрағы…

Бұл Иса туралы білгісі келетін әркім үшін құрметті таныстырылымболады. Ешқандайдау-тартысқа, және де,ешқандай дінді қандай-да бір жолмен сынға алуға жол берілмейді.

Міне осы мақалада қойылған алты сұрақтың жауаптары:

  1. Киелі кітап түпнұсқасынан өзгертілген бе?
  2. Құдай бір дін екіншісінің орнын басады деп айтады ма, яғни Иудаизм, сосын Мәсіхшілік, сосын Ислам?
  3. Құдайдың Ұлы бар деу Құдайға тіл тигізу емес пе?
  4. Иса айқыш ағашта өлді ме?
  5. ЕгерИсаайқышағаштаөлгенболса, сондаҚұдай3 күнөліболғаныма?
  6. Неге Исаны пайғамбар деп қарастырмасқа?

1. Киелі кітап Құдай Сөзі ме? Уақыт өте келе ол өзгеріске ұшарып, бұрмаланбады ба?

Кіріспе ретінде Киелі кітаптан мынадай бірнеше мәлімдемелерді көруге болады: «Сендерге шындығын айтайын: аспан мен жер жойылып кетпейінше, Таурат заңының бірде-бір әрпі, тіпті бір кішкентай сызығы да күшінен айырылмайды, әуелі бәрі де жүзеге асады.».1

Құдай Сөзі жойылмайды. Ондағы жазылғандардың барлығы аяғына дейін түгелімен орындалады. Киелі кітап тағы былай деп мәлімдейді: «Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды».2

Сондай-ақ, «Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған. Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді».3

Бүкіл Киелі жазба Құдайдың Рухының жетелеуімен жазылған.

Тағы бір мәлімдеме: «Шөптер сарғайып қурап, гүлдер солады, ал Құдайымыздың сөзі мәңгі қалады».4

Бізге өзімізден сұрау қажет: «Құдай Өз сөзін қорғауға қабілетті ме? Құдай Менің сөздерім еш жойылмайды, орындалмай қалмайды деген мәлімдемелерін жүзеге асыруға қабілетті ме?

Осыған Құдайдың қабілеті жетеді ме? Иә, әрине. Бұл Құдайдың күллі адамзатқа арналған сөзі. Ол Өзінің сөзін өзгеруден қорғай алмайды деп айтуымыз арқылы, біз Құдайдың Өзін айыптап жатқан жоқпыз ба?

Ешнәрсе өзгермеген. Бұл тек қауесет қана.

Құранда Киелі кітап өзгерген деп жазылмаған. Керісінше, Құран Таурат пен Киелі кітапты құрметтейді. Құранда Таурат, «Забур» (Көне Келісім мен Забур жырлары) және Інжіл (Жаңа Келісім) көп рет аталып өтіледі.

6 ғасырда Ислам пайда болғанда, яки Иса Мәсіхтен 600 жыл өткеннен кейін, Киелі кітап шындық деп қабылданған болатын.

Ал енді сіз 6 ғасырдан бері Киелі кітап өзгермеді ме деп сұрауыңыз мүмкін? Жоқ. Сізге істеу керек бір ғана нәрсе - бүгінгі Киелі кітапты баяғы заманда жазылған Киелі кітаппен салыстыру.

Біз Киелі кітаптың толық нұсқаларын, Құранға дейінгі жүздеген жылдар бұрын, біздің заманымыздың 300-жылдарынан таба аламыз. Сіз солардың бірін Лондон мұражайынан, Ватиканнан және көптеген басқа да жерлерден таба аласыз. Егер сіз бүгінгі Киелі кітапты біздің заманымыздың 300-жылдардағы Киелі кітаппен салыстыратын болсаңыз, бүгінгі Киелі кітап сол уақыттағымен бірдей.

Бүгінде Жаңа Келісім бөліктерінің 25000-ға жуық қолжазба көшірмелері бар екенін білдіңіз бе? Тарихшылар осы қолжазбаларды салыстыра келе, бүгінгі таңдағы біздің қолымыздағы Жаңа Келісім 99,5% пайыз түпнұсқаға дәл келеді деген қорытынды шығарған. Еш өзгермеген.

(Ал қалған 5% пайызы орфографиялық айырмашылықтар, бірақ мағынасы өзгермеген)

Сондай-ақ, сіз жақындағы археологиялық қазбалардың нәтижесінде табылған Өлі теңіз қолжазбаларынан хабардар шығарсыз. Ол қолжазбалар Өлі теңіздің солтүстік-батыс бұрышында орналасқан Құмран үңгірлерінен табылған.

Зерттеушілер бүгінгі күнгі Киелі кітапты өздері тапқан сол қолжазбамен салыстырып, олардың бір-біріне қатты ұқсастығын, яғни 100% бірдейлігін мәлімдеген.

Сіз ешкімнің Жаңа Келісімнің немесе Киелі кітаптың бастапқы түпнұсқасынан өзгерген деп айтуына жол бермеңіз. Адамдардың ондай сөздері тарихи тұрғыдан қарағанда нақты емес.

Киелі кітап өзгермеген.

Жарайды, олай болса төрт Ізгі хабар туралы не айтасыз? Осы әртүрлі төрт Жазба бір-бірінен өзгеше емес пе?

Иә, бұлар төрт Ізгі хабар жазбалары: Матай, Марқа, Лұқа және Жохан. Шын мәнісінде олар Киелі кітаптың бұрмаланбағанын көрсетеді. Бұлар Исаның өмірі, айтқан сөздері мен жасаған істері жайлы баяндаған төрт куәгер.

Егер бір не екі, не айталық төрт адам көше қиылысындағы автокөлік апатының куәгері болды деп көз алдымызға елестетейік. Сот ісінің куәгерлері ретінде олардың әрқайсысынан болған оқиғаны жазбаша баяндау сұралады. Олардың әрқайсысы бірдей сипаттама, сөзбе-сөз бірдей куәлік береді деп ойласыз ба? Әрине жоқ. Олардың әрқайсысы өзі көрген нәрсені өз көзқарасы бойынша сипаттап жазып бере алады. Исаның куәгерлері ретінде, төрт Ізгі хабардың авторлары да Иса туралы куәліктерін дәл солай жазған.

Ғасырлар бойына сот жүйелерінде қандай-да бір іс тергелгенде куәгерлерді шақырып отырған. Және, өте маңызды мәселелер қарастырылғанда, бір адамның сөзі басқаға қарсы қолданылмаған. Көбінесе бірнеше куәгер қажет етілген. Міне Көне Келісімнен дәйексөз ретінде келтірілген Жаңа Келісімдегі мәлімдеме: «Әрбір іс ең кем дегенде екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденуі керек».5

Інжілде Иса туралы жазған төрт куәгерден басқа да көптеген куәгерлер бар. Олардың қатарына Жаңа Келісімнің қалған кітаптарын жазған Жақып, Пауыл, Яһуда, Петір және басқаларын жатқызуға болады.

Жохан былай деген: «Біз Оны естіп, көзімізбен көріп, Оған анықтап қарап, қол тигіздік».6 Олар Исаның куәгерлері болатын. Сондықтан да олар өз көздерімен көргендерін жазған.

Киелі кітап жазылған тілдер, аудармалар жайлы не айтасыз?

Киелі кітап иврит және грек тілдерінде жазылған. Қай жылы басылып шықпасын, кез-келген Киелі кітап әрдайым түпнұсқадан, яғни иврит және грек тілінен аударылған. (Мысалы, Киелі кітап ешқашан ағылшын тілінен ағылшын тіліне аударылмаған. Аударма үнемі түпнұсқа мәтіннен бастауын алады).

Парафразалармен берілген кейбір Киелі кітаптар бар, олар аударма қатарына жатпайды. Сонымен, аударма түпнұсқа болып табылатын иврит және грек мәтіндерінде жазылғандарды аудару болып табылады.

Киелі кітаптың иврит және грек тіліндегі жазбалары мыңдаған тілдерге аударылған. Неге? Өйткені Құдай әлемдегі әрбір адамның құтқарылу туралы ізгі хабарды білгенін қалайды.

Ал Киелі кітапты аудару қиын емес. Киелі кітаптың кейбір бөліктері поэзиялық жазбалар (Нақыл сөздер, Сүлейменнің таңдаулы әндері, Забур жырлары). Ал Киелі кітаптың жүрегі – біздің күнделікті өмірімізге қатысты бөлігі, өте қарапайым тілмен жазылған. Бұны аудару қиын емес. Киелі кітаптың тікелей мағынасында, санаға қонымдылығы жайлы факт, оның сенімге лайық екендігінің тағы бір себебі.

Мынадай бір шынайы оқиғаны айтып берейін.

«Бір күні ұлым маған қоңырау шалды. Үлкен автомагистралдың қақ ортасында автокөлік апатында ұшырап тұрған жерінен маған қоңырау шалды, ол кезде ол басқа елде жүрген болатын. Оның көлігін басқа бір көлік соғып 180 градусқа төңкеріп, көліктердің кері бағытқа қарай жүретін автомагистралдың ортасына аударылып түскен.

Ол былай деді: «Әке, менде бәрі жақсы. Бірақ мен енді не істеуім керек?

Ол мәселеге тап болды. Ол көмекке мұқтаж болды. Сонымен, бұл менің жатқа білетін өлең шумақтарын оған поэтикалық хат ретінде жолдайтын уақыт деп ойлайсыз ба? Жоқ.

Бұл жай ғана былай деп айтатын уақыт: «Джон, сен былай істе. Сен үлкен мәселеге тап болдың, ал сол мәселеден шығатын жол мынадай». Расында бұл Киелі кітаптың жүрегі болып табылады. Адамзат пәлеге ұрынып, тозаққа кетіп бара жатыр. Барлығы да күнә жасап, Құдайдың ұлылығынан құр алақан қалды. Ал бізге құтқарылу туралы қарапайым хабар қажет. Киелі кітап бізге қалай кешірімге ие бола алатынымыз, дәл қазір басталып, мәңгілікке созылатын Құдаймен қарым-қатынас туралы айтады. Біздің өмірімізді өзгертетін осы хабар.

2. Құдай бір дін екіншісінің орнын басады деп айтады ма?

Құдай біздің Иудаизмнен бастап, сосын Мәсіхшілікке ауысып, содан кейін Исламға көшкенімізді ниеттеп отыр ма?

Жоқ. Құдай бір ізді. Оны ешқашанда дін орнату қызықтырған емес.

Ыбырайымнан бастап, әуел бастан Құдай біздің Онымен қарым-қатынаста бола алатынымызды ашып көрсетуде. Құдайдың бізді жаратқандағы түпкілікті мақсаты – дін құру емес, қарым-қатынас орнату!

Қанеки, Адам ата мен Хауа анадан бастап қарастырайық. Олар Құдаймен тікелей қарым-қатынаста болған, және олардың барлық мұқтаждықтары қамтамасыз етілген болатын.

Сосын шайтан жылан кейпінде Адам ата мен Хауа анаға көрініп, оларды азғырды. Өкінішке орай, олар Құдайдың өздеріне айтқандарына мойынсұнбай, шайтанның сөзіне сенуді таңдайды. Нәтижесінде Адам ата мен Хауа ана Құдаймен қарым-қатынасынан айырылып қалды.

Бірақ Құдайдың сол сәтте шайтанға не айтқанын білесіз бе? Құдай оған «әйелдің ұрпағы шайтанның жауы» болады деп айтты. Құдай шайтанның сол ұлдың өкшесін шағуы арқылы шағын жеңіске жететінін айтты. Бірақ әйелдің ұрпағы шайтанның басын мыжып, соңғы соққы береді.

Мінеки Киелі кітапта осы жайында не жазылған қараңыз:

«Сонда Құдай Ие жыланға үкім шығарып: «Осылай істегенің үшін барлық малдар мен аңдардың ішіндегі сені қарғыс атқан. Өмір бақи жер бауырлап, топырақ жеп өт! Әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен оның ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың», — деді».7

Әйелдің ұрпағының өкшесін шағу арқылы шайтан қысқаша жеңіске жетеді.

Адамзат тарихында әйел мен еркектен емес, әйелден туылған жалғыз адам кім? Мәриямның ұлы Иса, солай емес пе?

Шайтан осы әйелдің ұрпағының өкшесін шаққанымен, бірақ әйелдің ұрпағы шайтанның басын мыжитын болады. Жыланды өлтірудің жалғыз жолы – оның басын мыжу.

Бұл нені білдіреді? Бұның тек бір ғана түсіндірмесі бар.

Айқыш ағашта Исаның қолы мен аяғы шегелегенде шайтан Исаға соққы берді. Бірақ Иса шайтанға ойсырататын соққы берді. Айқашта Иса шайтанды жеңді. Әркімге кешірім ұсыну арқылы Иса бүкіл адамзаттың күнәсінің құнын төледі және Құдаймен қарым-қатынасқа қол жеткізуге мүмкіндік әперді.

Осы ұрпақ туралы Ишая пайғамбар былай деп жазған: «Оның біз таңырқап қарайтындай ажары мен келбеті немесе бізге ұнайтындай ұсқыны жоқ еді. Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды. Оны біз де бағалаған жоқпыз.

Шынында Құдайдың Қызметшісі біздің қасіретімізді Өзіне алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді. Оның ұрылып, азап шегуін Құдай бұйырған жаза деп ойладық!

Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз (рухани дертімізден) сауықтық.

Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты».8

Ишая пайғамбар не туралы айтып отыр? Бұл айдан анық. Ол Иса туралы айтып отыр. Және бұл қашан жазылған еді? Иса Мәсіх туылғанға дейін 600 жыл бұрын.

Жаңа ғана Ишая пайғамбар жазбасынан оқығанымыздай, Құдай әуел бастан, мыңдаған жылдар бойына Исаның келетіні және Оның біздің күнәміз үшін құрбан болатыны жайлы үнемі айтып отырған. Егер ең соңғы сәтте Құдай Өз сөзінен тайса, сіз Құдай жайлы не ойлар едіңіз? Мыңдаған жылдар бойына Исаның келетінін уәде етіп, бір сәтте Құдай Өз ойын өзгертіп, Иса біздің күнәміз үшін құрбан болмаса ше? Құдай райынан қайтпайды.

3. Құдайдың Ұлы бар деуҚұдайға тіл тигізу емес пе?

Құдай рух. Ал Иса, тәндік жағынан емес, рухани жағынан Құдайдың Ұлы. Егер біреу: «Сен Сидардың ұлысың» деп айтса, бұның мағынасы ол адамның Ливаннан екеніне меңзейді. Ал егер Мысырдан болсаң: «Сен Нілдің ұлысың». Исаны Құдайдың Ұлы деу, Оның Құдайдан екенін білдіреді. Бұл лауазым сияқты. Періште Мәриямға көрінгенде былай деді: «Киелі Бала «Құдайдың рухани Ұлы» деп аталмақ». Бұл - лауазым. Мәсіхшілер Құдайдың қандай-да бір әйелмен жыныстық қатынаста болғанына сенбейді.

Ишая былай деген: «Себебі Сәби дүниеге келді, біз үшін осы Ұл сыйға берілді! Билік Оның қолында қала береді: Ол «керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын әмірші» деп те аталатын болады».9

Иса Мәриям арқылы адамға айналған Құдай. Ол пәк қыз Мәриям арқылы туылған бір уақытта Құдай және Ұл болып табылады.

Қалай ойлайсыз, неліктен Құдай Исаның пәк қыз Мәриям арқылы туылуына жол берді?

Әйел мен еркек арқылы емес, әйелден туылу Исаның Адам ата мен Хауа ананың күнәкар болмысын иеленбеді дегенді білдіреді. Адам ата мен Хауа ана күнәға батқанда, олар өздерінің күнәкар болмысын балалары ұрпақтан ұрпаққа, бізге дейін беріп отырды.

Біздің барылығымыз күнәкар болып туылғанбыз. Барлығымыз жасайтын істерімізді Құдайдың жолымен емес, өз бетімізше жасау бейімімен туылғанбыз. Барлығымыз да күнә жасаймыз. Сол себепті де Дәуіт пайғамбардың жан айқайы былай баяндалған: «Мен күнәкар болып дүниеге келдім, құрсақта жатқанда-ақ күнәкар едім». Біздің барлығымыз да күнәкар болып туылғанбыз. Барлығымыз да күнәкар адамдар сияқты өмір сүреміз және барлығымыз күнәмыздың құнын өтеушіге мұқтажбыз.

Бірақ Исағабіздіңкүнәмыздың құнын төлеу үшінбасқа болмыс қажет болды. Ол бойында мүлдем күнәкарлық болмысы жоқ, Құдайдың рухынан, Киелі Рухтан келуі тиіс болды. Ишая былай деген: «Онда өтірік атаулы болған жоқ». Оның болмысында күнә атаулы болған емес.

Киелі жазбада Құдай Өзін Мұса пайғамбарға көрсеткенде, Ол жанып тұрған бұта бейнесіне енді. Ол Ыбырайым пайғамбарға тіл қатқанда көктің дауысына енді. Құдай Өзін бізге көрсету үшін адамның кейпін кие алмайды деп кім айта алады?

4. Иса айқышта өлді ме, жоқ па?

Құдай Ыбырайымды қалай сынады? Ол Ыбырайымнан ұлын құрбандық шалатын орынға қоюды сұрады. Олар тауға көтеріліп бара жатқанда ұлы былай деп сұрады: «Құрбандыққа шалатын тоқты қайда?». Ыбырайым былай деп жауап берді: «Құдай құрбандыққа шалынып, өртелуге кажетті қойды Өзі береді». Құдай тоқтыны Өзі қамтамасыз етті, ал Ыбырайым оны Құдайға құрбандыққа шалды.

Құдайдың бізге беретін жүйелі хабарына қараңыз.

Құдай мейірімді, Ол Ыбырайымның ұлын бір тоқтымен құтқарады.

Сосын біз Мысырдан шығу кітабынан құрбандық тоқтының маңыздылығын тағы да көреміз. Мысырдан шығу кітабында Құдай Өз халқына мысырлықтарға соққы беретіні жайлы ескертеді. Егер кім Құдайға сенім артып құрбандық тоқтының қанын есіктерінің жақтауына жаққан болса, онда Құдайдың періштесі олардың үйін айналып өтетін, осылайша сол үйде өлім болмаған. Сенушілер халқы бір тоқтының құрбандығы арқылы құтқарылды.

Содан кейін біз Леуіліктер кітабында тағы да құрбандық тоқтыны көреміз. Жыл сайын діни қызметкер бір тоқтыны қаладан шығарып, оны Құдайға сенетін адамдардың күнәлары үшін құрбандыққа шалуды айтқан болатын. Жыл сайын бір құрбандыққа шалынған тоқтының арқасында бір халық құтқарылатын.

Содан кейін, біз Жақия пайғамбардың Иса туралы халыққа былай дегенін үндеуін көреміз: «Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»!10 Оған сенім артқандардың барлығын, бүкіл әлемді құтқаратын жалғыз құрбандық Тоқты.

Егер Ыбырайым Құдайдың онымен сөйлесіп жатқанына сенбегенде немесе Құдайдың сөзіне құлақ түрмегенде не болар еді? Дұрыс, оның ұлы өлер еді!

Егер адамдар Құдайға сенбей, есіктерінің жақтауына құрбандық тоқтының қанын жақпаса не болар еді?

Сонымен, бұдан мынандай сұрақ туындайды. Шамамен осыдан 2000 жыл бұрын Құдайдың құрбандық Тоқтысы Иса, сіздің күнәңіз үшін айқыш ағашқа қағылып, сіз үшін өмірін берді. Бізге былай деп анық айтылған: «Дегенмен, әлі де күнәкар болып жүрген кезімізде біз үшін Мәсіх өмірін құрбан етті! Осы арқылы Құдай бізге Өзінің зор сүйіспеншілігін дәлелдеді».11

Егер сіз былай деп айтсаңыз не болар еді: «Жоқ, олар Исаны айқышқа шегелеген жоқ, Оны өлтірген жоқ». Осы Құдайдың Құрбандық Тоқтысы сіздің және бүкіл әлемнің күнәлары үшін құрбандыққа шалынды. Егер сіз «Исаны өлтірген жоқ, Құдайдың Құрбандық Тоқтысы сіздің күнәңіз үшін, сіздің кешірілуіңіз үшін өлген жоқ» деп айтатын болсаңыз ше?

5. Егер Иса айқышта өліп, үш күнге қабірге қойылған болса, сонда бұл Құдай үш күнге өлі болды дегенді білдіреді ме?

Тамаша сұрақ. Мына көрнекі мысал осыны түсінуге көмектеседі.

Бізде құмыра бар делік. Оның ішінде су да, гүлде жоқ. Ол тек ауамен толтырылған. Құмыраның ішіндегі ауа мен оның сыртындағы ауаның айырмашылығы неде? Құмыраның ішіндегі ауаның қалпы бар, солай ма? Ол құрамы бойынша бір ауа, бірақ құмыраның ішіндегі ауада қалып бар.

Егер біз сол құмыраны алып, оны қабырғаға қарсы лақтырсақ, онда оның ішіндегі аумен не болады? Ол өледі ме? Жоқ, ауа өле алмайды. Құмыра мыңдаған бөліктерге сынуы мүмкін, алайда аумен ешнәрсе болмайды, ол тек өзінің қалпын ғана жоғалтады.

Иса айқышта өлген кезде, оның тәні өлді, ал Исаның Рухы, Құдайдың Рухы ешқашан өлмейді. Құдай Иса арқылы адамның қалпын киді. Ол адамның кейпін киді, бірақ Иса тек адамдық болмыстан ғана тұрған жоқ.

Айқышта Иса біздің күнәміздің құнын төледі және біз бен Оның арасында тұрған кедергіні алып тастады. Оның айқыштағы құрбандық өлімінің арқасында біз Құдаймен татуласа аламыз. Біздің барлығымыз да кінәлі болғанымен, Құдайдың әділ үкімі біздің күнәміз үшін құрбан болған Құдайдың құрбандық Тоқтысы Иса арқылы толықтай қанағаттандырылды. Және Өз еркімен өмірін біз үшін қиғанИса арқылы Құдайдың сүйіспеншілігі толығымен көрсетілді.

Мүмкін сіз былай деп айтарсыз: «Бұл әділ емес». Сіздің айтып отырғаныңыз да дұрыс. Біз Исаның біздер үшін құрбан болуына лайық емеспіз. Бірақ бұл Құдайдың біз үшін қабылдаған шешімі болды. Біз Құдайға оның қалай болуы керек екенін айтамыз ба?

Біз өз күнәларымыз үшін өлмесін деп, Иса бізге тиесілі өлім жазасының құнын төледі. Ол біздің Өзімен қарым-қатынаста болып, Өзінің бізге деген сүйіспеншілігін жақыннан танып, мәңгілік өмірге ие болғанымызды қалайды.

Исаның біз үшін не істегенін сіздің түсінуіңізге көмектесетін тағы бір шынайы оқиға.

Пара алмайтын бір әділ сот төрешісі болған екен. Ол өте әділ әрі адал кісі болған. Бір қыз ұсталып, оның алдына әкелінеді. Оның берілетін жаза бүкіл өмір бойына түрмеге жабылу немесе қомақы ақша болатын, ал әлгі қызда төлейтін ондай ақша жоқ. Төреші одан: «Сіз кінәлісіз бе, жоқ па?» деп сұрайды.

Сонда ол жан дауысымен: «Ұлы мәртебелім, мен жазаның құнын өтей алмаймын, мен ондай ақшаны да төлей алмаймын, өтінемін маған рақым ете көріңіз».

Төреші былай дейді: «Менің сізден сұрап тұрғаным:«Сіз кінәлісіз бе, жоқ па? Сіз кінәлі екеніңізді мойындайсыз ба?».

Ақыр соңында жас қыз былай дейді: «Ұлы мәртебелім, иә, мен кінәлімін».

Төреші: «Онда сіз құнын төлеңіз - өмір бойы түрмеге жабыласыз не ақшалай төлеңіз». Осылай ол тергеу ісін жабады.

Қыз айқайлап, зар еңіреп жылайды, оны сот бөлмесінен сүйреп шығарып түрмеге әкетеді. Төреші өзінің шапанын шешіп, сыртқа шығады. Сонан соң ол мемлекеттік қазынаға барады да, дәл сол жерде өзінің бар ақшасымен әлгі қыздың құнын төлейді. Неге? Өйткені ол сол қызды қатты жақсы көретін. Өйткені ол оның қызы болатын. Сондықтан да, ол өзінің бар ақшасымен туған қызының құнын төледі.

Төреші өзінің киімін шешкенде, ол кәдімгі адамдар сияқты болды. Исаныңда істегені дәл осы болды. Ол көктегі тағын тастап, салтанатты шапанын шешіп, кәдімгі адамдар сияқты болды. Ол біздің күнәларымыздың өзімізгеүкімшығармауы және бізді Құдайданмәңгілікке ажыратпауы үшін Өз жанын қиды.

Исаныңкеліп әлемнің күнәсыүшін құрбан болатынын барлық пайғамбарларалдын алаайтып кеткен. Адамзаттың мәңгілік өмірге ие болатын жалғыз үміті – Иса.

Әуел баста Адам ата мен Хауа анамен болған жағдайдан кейін,Құдай шайтанға әйелдің ұрпағы келіп сенің басыңды мыжады жәнеадамзаттың құны төленеді деп айтқан болатын. Исаның өліп, өлімнен қайта тірілуі шайтанның күшін жеңіп шықты. Иса шайтанға ойсырата соққы беруі арқылы күнәні, өлімді және біздіңҚұдайдан ажырауымызды жойды.

6. Неге Исаны пайғамбар деп қарастырмасқа?

Жалғызбірғана Құдай бар. Құдай туралы біз мынадай шындықты білеміз:

Құдай мәңгі -әрдайым болған, қазірде бар және мәңгі болады.

Құдай киелі -мінсіз, пәк.

Құдай шындық-Оның сөзі ешқашан өзгермейді, сенімді және хақ.

Құдай барлық жердеболады - кез келгенуақытта.

Құдай құдыретті-Оның құдыретінде шек жоқ.

Құдай бәрін біледі- Ол кез келген нәрсе жайлы бәрін және әрқашан толықтай біледі.

Құдай жаратушы - Ол жаратпаған ешнәрсежоқ.

Жалғызбір ғана Құдай бар. Және жоғарыда аталғандардың барлығы Оған қатыстыайтылған шындық. Біз бұны білеміз, өйткені Киелі жазба бізге Құдай туралы шындықты ашып береді. білеміз. Ол Өзін адамзатқа танытуғажәне Өзін ашып көрсетугешешім қабылдады.

Киелі жазба да Исада Құдайға тән дәл сондай қасиеттердің бар екенін ашып көрсетеді. Құдайдың Рухы да сондайқасиеттерге ие. Мысалретіндемәңгілікті алып қарайық.

Киелі кітап Иса туралы былай дейді:

«Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған».12

Сондай-ақ, «Көзге көрінбейтін Құдайдың қандай екенін рухани Ұлы көрсетеді. Ол — жаратылыс атаулының бәрінен жоғары. Өйткені көктегі әрі жердегі, көзге көрінетін және көрінбейтін нәрселердің бәрін Құдай Өзінің рухани Ұлы арқылы жаратты: тақтар мен үстемдік иелері, билеушілер мен әміршілер бәрі де Мәсіх арқылы және Мәсіх үшін жаратылған».13

Ал егер тек жалғыз ғана Құдай бар болса, онда Исаның қалайша Құдай болғаны?

Жерде біз үш өлшемді әлемде өмір сүреміз. Әр адамның биіктігі, ені және тереңдігі бар. Екі адам бір біріне ұқсас болуы мүмкін. Оларда бірдей қызығушылықтар, бірдей айналысатын нәрселері болуы мүмкін. Дегенмен, бір адам екінші адаммен бірдей бола алмайды. Олар бір бірінен өзгеше жеке тұлғалар.

Алайда Құдай осы ғаламдық үш өлшемді шектеулерден тыс өмір сүреді. Ол – Рух. Әрі Оның болмысы бізге қарағанда анағұрлым шексіз күрделі. Сондықтан да, Құдай Ұлы Иса Құдай Әкеден өзгеше болады.

Киелі кітап бізге анық былай деп айтады: Құдай Әке, Құдай Ұл және Құдай Киелі Рух. Бірақ Киелі кітап бізге жалғыз БІР Құдай бар деп нақты айтады. Егер біз математиканы қолданатын болсақ, онда 1+1+1=3 болар еді. Ал бұл1+1+1=1. Құдай-біреу.

Ишаяпайғамбардың жазбасындағы: «Ендеше Тәңір Иенің Өзі сендерге осыны істейтіндігін дәлелдейтін кереметті жасайды: Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, ұл туады. Оған Имануил деген ат қояды». Имануил сөзбе сөз «Құдай бізбен бірге» дегенді білдіреді.14

Иса былай деген: Кім Мені таныса, соның Құдайды танығаны. Кім Мені көрсе, соның Құдайды көргені. Кім Маған сенсе, соның Құдайға сенгені.

Исаның өмірі туралы және Оның Өзі туралы айтылған мәлімдемелерді қалай дәлелдегенін білгіңіз келсе «Соқыр сенімнен тысқары»атты мақаланы қараңыз.

Алайда, Құдай туралы сіздің білуіңіз қажет тағы бір нәрсе бар. Ол сізді сүйеді және сіздің қамыңызды ойлайды.

Иса бізге былай дейді: «Әкем Мені қалай сүйсе, Мен де сендерді солай сүйемін. Сүйіспеншілігімді қабылдай беріңдер! Менің Әкемнің өсиеттерін орындап, сүйіспеншілігін қабылдап жүргенімдей, сендер де Менің өсиеттерімді орындасаңдар, сүйіспеншілігімді қабылдап жүресіңдер. Бұларды Менің көретін қуанышым сендердікі де болсын, әрі қуаныштарың мейлінше толық болсын деп өздеріңе айттым».15

Иса бізді шақырады: «Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, Еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің, жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін! Қамытымды бірге киісіп, үйреніңдер Өзімнен, өйткені жуас, кішіпейілмін шын жүректен, тыныштық табады сонда көңілдерің. Себебі ыңғайлы — қамытым Менің, әрі жеңіл — жүктейтін міндеттерім».16

Құдай үшін жеткілікті игі істер жасауға тырысудың қиындықтары... Иса бізге жаңа азаттық ұсынады. Біз Оның сүйіспеншілігіне кенелгенде, енді бізде Құдайға ұнамды әрекет етуге жаңа ынта пайда болады. Ол Құдайдан қорыққандықтан емес, қайта Оны жақыннан танып білуге деген қуаныштан туындайды.

Исаның соңынан ерген ізбасарларының бірі Пауыл осыны өз басынан өткізіп, былай деген болатын:

«Мен мынаған нық сенемін: өлім де, өмір де, періштелер де, жын-перілер де, бүгінгі күн де, болашақ та, табиғаттан тыс күштер де бізді Құдайдың сүйіспеншілігінен айыра алмайды! Рас, не үстіміздегі, не астымыздағы ешқандай күш те, тіпті жаратылыстың басқа ешбір нәрсесі де бізді Құдайдың Иеміз Иса Мәсіх арқылы көрсетіп жүрген сүйіспеншілігінен айыра алмайды!».17

Егер сіз Исаның өзіңізге не ұсынып жатқанын білгіңіз келсе, онда «Соқыр сенімнен тысқары»атты мақаланы қараңыз.

 Менің сұрағым бар…
 Құдаймен қарым-қатынасты қалай бастау қажет?

Сілтемелер: (1) Матай жазған Ізгі хабар 5:18 (2) Матай жазған Ізгі хабар 24:35 (3) Тімотеге 2-хат 3:16 (4) Ишая 40: 8 (5) Қорынттықтарға 2-хат 13: 1 (6) Жоханның 1-хаты 1: 1 (7) Жаратылыстың басталуы 3: 14,15 (8) Ишая 53: 1-6 (9) Ишая 9: 6 (10) Жоханжазған Ізгі хабар 1:29 (11) Римдіктерге хат 5: 8 (12) Жоханжазған Ізгі хабар 1: 2,3 (13) Қолостықтарға хат 1:15, 16 (14) Ишая 7:14 (15) Жохан жазған Ізгі хабар 15: 9-11 (16) Матайжазған Ізгі хабар 11: 28-30 (17) Римдіктерге хат 8: 38,39

Басқалармен бөлісу:  

TOP