Соқыр сенімнен тысқары

Әрбір негізгі дін Исаны құрметтейді. Иса Мәсіх Ол кім? Ол пайғамбар болды ма? Немесе Иса Құдай ма? Тарихи фактілерді қараңыз …

Авторы: Пол Е. Литтл

Құдайдың бар екендігін және оның қандай екендігін Ол Өзі алдымен қадам жасап, Өзін танытып жатпаса, Оны аяғына дейін танып білу біз үшін мүмкін емес.

Біз Құдайдың аянын алуға қандай да бір кілттің бар-жоғын білу үшін тарихқа көз жүгіртіп, анықтауымыз қажет. Бір айқын кілт бар. 2000 жыл бұрын Палестинадағы жасырын бір ауылдағы қорада Бала дүниеге келді. Бүгінде бүкіл әлем әлі де Исаның туылуын тойлайды, және тамаша себеппен тойлайды. Оның өмірі тарихтың бағытын өзгертті.

Адамдар Исаны қалай көрді

«Қарапайым адамдар оған қуана құлақ асты» деп жазылған. «Себебі Иса оларға өздерінің дін мұғалімдері сияқты емес, Құдайдан ерекше билігі бар Біреу ретінде тағылым берді».1

Алайда көп кешікпей, ол өзі туралы таңғаларлық және айрықша әсер ететін мәлімдемелер жасайды. Ол өзін керемет дін мұғалімі немесе пайғамбардан артық екенін көрсете бастаған. Ол тіпті Өзін Құдаймын деп ашық айта бастаған. Ол өзінің тұлғалық қасиетін тәлімінің басты тақырыбы етіп, жасады.

Оның соңынан ергендерге берген ең маңызды сұрағы былай болды, «Ал сендер Мені кім дейсіңдер? — деп сұрады. Шимон Петір: — Сіз Мәсіхсіз, мәңгі тірі Құдайдың рухани Ұлысыз! — деп жауап берді».2 Иса таң қалған жоқ, немесе Петірге үкім айтпады. Керісінше, ол оны мақтады!

Иса көбінесе «Әкем» деп жүгінетін және оның тыңдаушылары сөздерінің толық әсерін сезе алды. Былай деп жазылған, «Бұдан кейін яһуди басшылары Исаға бұрынғыдан бетер қарсы шығып, Оны өлтірмекші болды. Себебі Ол солардың демалыс күні туралы ережелерін ғана бұзған жоқ, сонымен қатар «Құдай — рухани Әкем» деп, Өзін Құдаймен теңестірді».3 Бірде ол: «Мен және менің Әкеміз біртұтаспыз!» - деді. Бірден дін басылары оны тас лақтырып өлтіргісі келді. Иса олардан кереметтерінің қайсысы оны өлтіргісі келулеріне итермелегенін сұрады. Діндар яһудилер: «Сені игі ісің үшін емес, Құдайды қорлағаның үшін тас лақтырып өлтірмекпіз. Сен адам бола тұра, Өзіңнен Құдай жасағың келеді! — деді».4

Иса Өзі туралы не деп айтты

Иса тек Құдайға ғана тән құдіретке ие екендігін анық көрсетті. Бірде Иса сал болып жатқан адамға: «Балам, сенің күнәларың кешірілді!» — деді. Сол жерде отырған бірнеше дін мұғалімдері қапаланды. «Бұл Кісі неге солай деп Құдайды қорлап тұр? Жалғыз Құдайдан басқа кім күнәларды кешіре алады?» Сонда Иса оларға былай деді, “Сал адамға қайсысын айту оңайырақ: «Сенің күнәларың кешірілді!» деу ме, әлде: «Орныңнан тұрып, төсенішіңді жинап алып, жүре бер!» деу ме?»

Иса сөзін жалғастырып, «Ал көктен келген Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігімнің бар екендігін білулеріңіз үшін,.. — деді де, сал адамға қарап: — Саған айтамын: орныңнан тұр да, төсенішіңді жинап алып, үйіңе бар». Сал адам сол сәтте-ақ сауығып бәрін таңғалдырды.

Сондай-ақ, Иса мынадай бір мәлімдемелер жасады: «Ал Мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке толы ағыл-тегіл мол болсын деп келдім».5 Және «Мен дүние үшін Нұрмын».6 Және Иса бірнеше рет оған кімде кім сенетін болса, оларға мәңгілік өмір сыйлайтынын айтты. «Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті».7 «Соларға мәңгілік өмір беремін. Олар ешқашан жойылмайды...».8

Исаның өміріне қауіп төніп, қиналған кезде, бас діни қызметкер оған тікелей сұрақ қойды: «— Сен Мадақталғанның рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деді.

Иса: — Мен Солмын. Менің Билеуші ретінде Құдірет Иесінің оң жағында отырғанымды әрі аспандағы бұлттармен келе жатқанымды әлі көретін боласыздар! — деп жауап берді.

Сонда бас діни қызметкер шапанының өңірін айыра жыртып: — Енді куәгерлердің қажеті қанша? Ол Тәңірге тіл тигізді, мұны өз құлақтарыңызбен естідіңіздер!».9

Исаның Құдаймен қарым-қатынасы тығыз болғандықтан, адамның Құдайға деген көзқарасын адамның Өзіне деген көзқарасымен теңестірді. Сонымен, оны білу Құдайды білумен бірдей болды. Сондықтан да, «Егер Мені білсеңдер, онда Әкемді де білер едіңдер».10 Оны көру Құдайды көрумен бірдей болды. «Кім Мені көрсе, соның Әкені де көргені».11 Оған сену Құдайға сенумен бірдей болды. «Маған сенген кісі Өзіме ғана емес, Мені Жібергенге де сенеді».12 Оны қабылдау Құдайды қабылдаумен бірдей болды. «Ал кім Мені қабылдаса, оның тек Өзімді ғана емес, Мені Жібергенді де қабылдағаны».13 Оны жек көру Құдайды жек көрумен бірдей болды «Мені жек көргендер сол арқылы Әкемді де жек көреді».14 Оны құрметтеу Құдайды құрметтеумен бірдей болды. «Ал кімде-кім Ұлын құрметтемесе, Оны жіберген Әкесін де құрметтемейді».15

Қисыны бар түсіндірулер

Бұл жердегі негізгі сұрақ, ол шындықты айтты ма?

“Біз Мәсіхтің талаптарына қараған кезде, тек төрт мүмкіндік бар екендігін көре аламыз. Ол немесе өтірікші, ақыл-ойы ауру адам, аңыз немесе шындық болды”

Мүмкін, Иса Өзін Құдай деп санағанда, өтірік айтқан шығар. Мүмкін, ол Құдай емес екенін білсе де, өз тыңдаушылары алдында ілімінің мәртебесін көтеру үшін әдейі алдаған шығар. Бірақ бұл ақылға сыймайды, және себебі де түсініксіз болатын еді. Себебі Оның Құдайлық болмысын жоққа шығаратындар да Исаны моральдық қасиеті мол ұлы ұстаз деп санады. Олар Исаның тәлім-тәрбиесіндегі аса маңызды тұсына – оның болмысына- қатысты оны өтірікші санаған болса, онда ол моральдық қасиеті мол ұлы ұстаз бола алмайтын еді.

Тағы бір мүмкіндік - Иса шынайы болды, бірақ өзі алданып қалды, қателесті. Бүгінде бізде өзін Құдаймын деп есептейтін адамның есімі бар. Ақыл санасы жағынан кемтар. Бірақ біз Мәсіхтің өміріне көз жүгіртсек, біз ақыл-есі кем адамдарда кездесетін әдеттер мен теңгерімсіздіктің ешқандай белгісін көрмейміз. Керісінше, қысым астында ең ұстамды, табанды адамды көреміз.

Үшінші балама - үшінші және төртінші ғасырларда оның ізбасарлары ол айтпаған сөздерді айтқандай етіп, оны масқара жағдайға қалдырды. Ол қайтып оралған кезде, ол олардан дереу бас тартатын еді.

Дегенмен, бұның қисыны жоқ. Қазіргі археология қазбалары Мәсіх туралы төрт Ізгі Хабардың Исаның қасында жүріп, естіген және көрген адамдардың өмір сүрулері кезінде жазылғанын растайды. Бұл Ізгі хабарларда Исаның куәгерлері дәлелдеген нақты фактілер мен сипаттамалар бар.

Джон Хопкинс Университетімен әлемге танымал әйгілі археолог Уильям Олбрайттың айтуынша, Ізгі Хабардың кез-келгені б.з. 70-ші жылдардан кейін жазылған деп сенуге ешбір себеп жоқ. Сондықтан ертеректе Матай, Марқа, Лұқа және Жохан жазған Ізгі хабарлар, мұндай айналымға және әсерге ие болды.

Иса өтірікші емес, ақыл-есі кем емес немесе тарихи шындықтан бөлек ойдан шығарылған емес. Жалғыз ғана басқа балама - ол Өзі туралы Құдай екенін айтқан кезде, саналы түрде шындықты біле тұра айтқан.

Исаның Құдай екенін көрсететін қандай дәлелдер бар?

Кез келген адам мәлімдеме жасай алады. Өзін Құдай деп есептеген басқа адамдар да болған. Мен өзімді Құдаймын деп мәлімдеуім мүмкін және сіз де өзіңізді Құдаймын деп мәлімдеуіңіз мүмкін, бірақ оған қарамастан, біз бәріміз мына сұраққа жауап беруге тиіспіз: «Біз өз талаптарымызды дәлелдеуге қандай фактілер көрсете аламыз?» Менің жағдайымда менің мәлімдемемді жоққа шығару үшін бес минут уақыт жеткілікті деуге болады. Мүмкін, сіздің талабыңызды сырып тастау үшін көп уақыт керек болмайтын шығар.

Бірақ назареттік Иса туралы айтылғанда, бұл соншалықты оңай шаруа емес. Ол Өзінің мәлімдемесін сақтап қалу үшін дәлелдер келтіре алды. Ол: «Ал егер Мен оларды істеп жүрсем, тіпті Өзіме сенгілерің келмесе де, істеген істеріме сеніңдер! Осылай сендер Әкемнің Менімен, Менің Әкеммен тығыз байланыста екенімізді түсінесіңдер».16

Иса өмірінің сапасы

Оның моральдық деңгейі оның мәлімдемелеріне сәйкес келеді. Өмірінің сапасы оның өз жауларын мынау сияқты сұрақтармен сынап көруге қабілетті болды, «Араларыңдағы қайсың Мені күнә жасадың деп әшкерелей аласың?».17 Осы сұрақ оның мінез-құлқындағы кемшілікті көрсетуге тырысқандарға арналған болса да, олар оны үнсіздікпен қабылдады.

Біз Шайтанның Исаны азғырғанын оқыдық, бірақ біз оның өз күнәсіне өкініп, мойындағаны туралы ешқашан естімедік. Ол өзінің ізбасарларына кешірім сұрауды үйреткенімен, өзі ешқашан кешірім сұрамады.

Иса тарапынан моральдық кемшіліктің қандай да бір тіпті белгісінің болмауы және барлық ғасырлар бойы қарағанда тіпті қасиетті адамдар мен дәруіштер тәжірибесіне мүлдем ұқсамайтындығы таң қалдырады. Неғұрлым Құдайға жақын болған ер адамдар мен әйел адамдар өздерінің сәтсіздіктері, сыбайлас жемқорлыққа ұрынғандары және кемшіліктеріне соншалықты жиіркенішпен қарайды. Жарқыраған нұрға неғұрлым жақын болған адам, соншалықты жуынуға мұқтаж екендігін түсінеді.

Сондай-ақ, ертеректен балалық кезден бастап күнәнің не екендігін естіп, сенген Жохан, Пауыл және Петірдің бәрі Мәсіхтің күнәсіздігін мойындаған: «Ол ешқандай күнә жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес».18

Тіпті Исаға өлім жазасын шығарған Пилат: «Ол қандай қылмыс жасады?» – деп сұрады. Халықтың не айтатынын тыңдағаннан кейін, Пилат мынадай қорытындыға келді: «Мына (әділ) Адамның төгілетін қанына мен кінәлі емеспін. Бұл — сендердің істерің!». Халық Исаны айқышқа шегелеп тастауды талап етті (Құдайға тіл тигізіп, өзін Құдай деп атаған үшін).Мәсіхті айқышқа керуге көмектескен римдік жүзбасы: «Бұл шынымен Құдайдың рухани Ұлы екен!» — деп мойындады».19

Исаның кереметтері - ол науқастарды сауықтырды

Иса үнемі күші мен мейірімділігін көрсетіп жүрді. Ол сал болған адамды жүргізді, соқырлардың көзін ашты және ауруларды сауықтырды.

Мысалы, туғаннан соқыр болған адам ғибадатхананың сыртында отырып, қайыр сұрайтынын бәрі білген еді. Иса оны сауықтырғаннан кейін, діни қызметкерлер қайыршыға Исаға байланысты сауал қойды. «Білетінім бір-ақ нәрсе: мен соқыр едім, енді көретін болдым! — деп жауап берді ол». Ол дінбасылардың Құдайдың Ұлы ретінде осы Сауықтырушыны қалайша танымағанын түсінбеді. «Дүние жаратылғаннан бері іштен соқыр боп туған кісінің көзін біреу ашты дегенді бұған дейін ешкім естіген емес».20 Ол үшін осы дәлелдер айқын болды.

Ол табиғатқа үстемдік жүргізе алды

Иса сондай-ақ табиғаттың үстінен үстемдік күшін көрсетті. Ол Ғалилея теңізіндегі қатты дауыл мен алып толқындарға бұйрық беріп, тыныштандыра білді. Кемедегі адамдар қатты үрейленіп, таңғалды, «Олар қатты үрейленіп, бір-біріне: «Тіпті жел мен көл де бағынатын Бұл кім Өзі?» — деп таңғалысты».21 Ол үйлену тойында суды шарапқа айналдырды. Ол бес күлше нан мен екі балықпен 5000 адамнан тұратын үлкен топты тамақтандырды. Ол жалғыз ұлының қайтыс болғанына қайғырған жесір әйелдің ұлын өлімнен қайта тірілтті.

Исаның досы Елазар қайтыс болғаннан кейін, төрт күн бойы қабірде жатты. Алайда Иса: «Елазар, шық!» - деп, керемет жолмен оны өлімнен қайта тірілтті, көпшілік осыған куә болды. Ең бастысы, оның жаулары осы ғажапты жоққа шығармады. Керісінше, олар Исаны өлтірмек болды. «Оны осылай қалдырсақ, бәрі Соған сенетін болады».22

Иса Өзі мәлімдегендей Құдай ма?

Исаның Құдайлық болмысының ең жоғарғы дәлелі оның өлгеннен қайта тірілгені болды. Жер бетінде өмір сүріп жүрген кезде Иса бес рет өзінің өлімі туралы және ол қандай жолмен өлтірілетіні және үш күн өткеннен кейін жерленетіні, содан кейін өлімнен қайта тірілетіні туралы алдын-ала болжады.

Әрине, бұл үлкен сынақ болды. Бұндай мәлімдемені тексеру оңай болды. Бұл орындалады немесе орындалмайды. Ол өзінің талаптарын растайды немесе оны жоққа шығарады. Сіз үшін де, мен үшін де маңыздысы, Исаның өлімнен қайта тірілуі мына сияқты айтқан сөздерін дәлелдейді немесе мазақ етеді:

«Жол, шындық және шынайы өмір Менмін. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды».23 «Мен дүние үшін Нұрмын. Маған ерген кісі енді түнекте жүрмей, шынайы өмірдің Нұрына ие болады».24 ...«Кім Маған сенсе «Соларға мәңгілік өмір беремін».25

Сөйтіп Иса Өз сөзімен мынадай дәлелді ұсынады: «Көктен келген Билеушіні адамдардың қолына ұстап береді! Оны өлтіреді, бірақ содан кейінгі үшінші күні Ол қайта тіріледі!».26

Иса Мәсіх Ол кім?

Егер Мәсіх қайта тірілген болса, онда ол бізге ұсынған барлық нәрселерді орындай алады. Бұл шын мәнінде Оның күнәні кешіре алатындығын, мәңгілік өмірді сыйлай алатындығын және осы өмірде бізді жетелей алатындығын білдіреді. Құдай сияқты, біз де Құдайдың қандай екенін білеміз және Оның бізге қатысты сүйіспеншілігін және оның өмірін танып білу үшін берген жеке шақыруын қабылдап, жауап бере аламыз.

“Сөзбен айту түкке тұрмайды. Кез келген адам талаптануы мүмкін. Бірақ назареттік Исаға қатысты келетін болсақ ... Оның өзі қойған талаптарын орындайтын куәліктері болды.”

Екінші жағынан, егер Мәсіх өлімнен қайта тірілмеген болса, онда мәсіхшіліктің ешқандай объективті негізі немесе ақиқаты болмас еді. Мұның бәрі жалған болатын еді. Иса жай ғана қайтыс болған адам болар еді. Арыстанның ауызына ән шырқап, түскен шәкірттері және осы хабарды басқаларға жеткізу кезінде өмірлерін қиған замандас миссионерлер, ақымақ ақылсыздар болып табылар еді.

Иса өзінің Құдай екендігін дәлелдеді ме?

Исаның қайта тірілуіне қатысты дәлелдерге назар аударайық.

Иса жасаған барлық кереметтерін ескеріп қарасақ, Исаның айқыш ағашқа барудан оңай құтылып кететін мүмкіндігі болған еді, бірақ ол оны таңдамады.

Иса тұтқындалмас бұрын, былай деген «Жанымды ешкім Менен тартып алмайды, оны өз еркіммен қиямын. Қиятын да, қайтып алатын да билігім бар».27

Исаны тұтқындаған кезде, Петір оны қорғауға тырысты. Ал Иса оған: «Семсеріңді қынабына сал! — деп бұйырды... Мен қазір Әкемнен сұрасам, Ол Маған дереу он екі әскери бөлімнен астам періштелерін жібереді! Әлде солай болмайды деп ойлайсың ба?28 Оның көкте және жерде осындай билігі болған еді. Иса өлімге өз еркімен барды.

Исаның айқышқа шегеленуі мен жерленуі.

Исаның өлімі Рим үкіметімен көптеген ғасырлар бойы жалпы халық алдында айқышқа іліп, азаптап өлтіруге қолданған тәсілі арқылы жүзеге асты. Исаға тағылған айып Құдайға тіл тигізіп, қорлаған деген болды (өзін Құдай деп санағаны). Иса біздің күнәмыздың құнын төлеу үшін осы қажет деп санады.

Исаны метал немесе сүйек бөлшектері бар көп арқандардан тұратын қамшымен соққылады. Ұзын тікенді бұталары бар тәжі оның бас сүйегіне кіріп кеткен еді. Олар оны Иерусалимнің сыртындағы өлім жазасына кесетін төбеге шығуға мәжбүр етті. Оның қолы мен аяқтары шегелеп, айқыш ағашқа керді. Ол сол жерде ілініп, ақыры өледі. Оның өлімін дәлелдеу үшін, наза оның бүйіріне түйрелді.

Исаның мәйіті айқыш ағаштан алынып, мумия тәрізді тоқылған жіптермен оралып, арнайы иіс майлармен сыланды. Оның денесі қатты тастан жасалған қабірге қойылды, кіре берісі қауіпсіз болу үшін үлкен дөңгелек таспен бекітілді.

Барлығы білді Исаның өлгеннен кейін үш күннің ішінде өлімнен қайта тірілетіні туралы айтқанын. Сондықтан олар қабірдің жанына дайындалған римдік сарбаздардың күшейтілген күзетшілерін орналастырды. Олар сондай-ақ ресми римдік мөрді қабірдің сыртына басып, мемлекеттік меншік ретінде жариялады.

Үш күннен кейін қабір бос болды.

Мұның бәріне қарамастан, үш күн өткеннен кейін, қабірді бұрынырақ бекітіп қойған дөңгелек тас, қабірден біраз қашықтыққа дейін алынып тасталды. Дене жоғалып кетті. Тек қабірдің ішінде бос зығыр маталар табылды.

Исаның сыншылары да, ізбасарлары да қабірдің бос екендігін және дененің жоғалып кеткенін жоққа шығармады.

Алғашқы түсініктеме шәкірттерінің күзетшілер ұйықтап қалғанда Исаның денесін ұрлап кеткеніне қатысты болды. Бұның мағынасы аз. Егер жоғары білікті римдік сарбаздардан тұратын күзетшілер кезекшілік кезінде ұйықтап қалған болса, міндетті түрде өлім жазасына кесілетін еді.

Бұған қоса, әрбір шәкірті азап шегіп, өлтірілді (жеке-жеке және әр түрлі географиялық жерлерде) себебі олар Исаның өлімнен қайта тірілгенін және тірі екендігін жариялады. Еркектер мен әйелдер шынайы деп санаған, бірақ шын мәнінде мүмкін жалған болып шығатын нәрселер үшін өлуге дайын. Алайда олар өтірік деп білген нәрсе үшін өз өмірлерін қимайды. Егер қашанда адам шындықты айтса, онда ол оны өлім төсегінде айтады.

Мүмкін, билік өкілдері денені жылжытқан шығар? Бұның да жүзеге асуының мүмкіндігі төмен. Олар адамдардың Исаға сенуіне тыйым салу үшін Оны айқышқа шегеледі. Егер оларда Мәсіхтің денесі болса, олар оны Иерусалим көшелерімен жүргізіп, барлығы көре алатындай жасар еді. Олар бірден мәсіхшілікті бастапқыдан тұншықтырар еді. Олардың осылай істемегені, олардың өздері денені таппағандығын дәлелдейді.

Тағы бір теория - әйелдер (Исаның бос қабірін алғаш көргендер) қайғы-қасіреттен қатты қиналып, түңілгендері сонша таңертеңгі күні әлі де қараңғы болып тұрған сәтте жолдарынан адасып, қате қабірге барды дейді. Олар қайғыланғандықтан Мәсіхті қайта тірілді деп ойлады, өйткені қабір бос болды. Бірақ тағы да, егер әйелдер қате қабірге барған болса, онда неге бас діни қызметкерлер мен сенушілердің басқа жаулары Оны жатқызған қабірге барып, денені шығармады?

“Еркектер мен әйелдер шынайы деп санаған, бірақ шын мәнінде мүмкін жалған болып шығатын нәрселер үшін өлуге дайын. Алайда олар өтірік деп білген нәрсе үшін өз өмірлерін қимайды.”

Басқа мүмкіндіктердің бірі – бұл «талып қалу теориясы». Бұл тұрғыдан қарастырғанда Мәсіх шын мәнінде өлмеді. Адамдар қателесіп, өлгені туралы хабар таратты, бірақ ол қатты әлсіреп, жараланғандықтан және қан жоғалтқаннан кейін талып қалады да, және қабірдің салқын жеріне жатқызылғанда ол қайта тіріледі. (Оның өлімін медицина тұрғысынан дәлелдеу үшін оның бүйіріне найза сұққаны туралы фактіні олар ескермеді).

Бірақ, бір сәтке Мәсіх талып қалғаннан кейін, тірідей қабірге қойылды деп елестетейікші. Шынымен де қабірде азық-түлік, су немесе ешкімнің көмегінсіз үш күн бойы ызғар қабірде аман қалатынына сену мүмкін бе? Мәйітке жатқызылғанда ораған киімнен құтылып, ауыр тасты қабірдің аузынан алып тастауға, римдік күзетшілерді жеңуге және шегелермен тесілген аяқтарымен бірнеше шақырым жол жүруге күші жеткілікті болды деп ойлаймыз ба? Бұл да ақылға сыймайтын іс.

Алайда Исаның ізбасарларын Оның құдайлық болмысына сендірген бос болып қалған қабір емес.

Тек қабірдің бос болуы емес.

Тек осының өзі ғана оларды Исаның өлімнен қайта тірілгеніне, енді тірі екендігіне және Құдай екендігіне сендірді деп айта алмаймыз. Олардың көзқарастарына әсер етіп, сенімдерін тудырған - бұл Исаның адамдарға тәндік денесімен бірнеше рет көрінгені және олармен бірге болып тамақтанғаны және олармен сөйлескені. Әртүрлі жерлерде, түрлі уақытта, түрлі адамдарға Ол көрінді. Інжілдегі Ізгі Хабарлардың бірін жазған Лука Иса туралы былай айтады, «Иса азапталып өлгеннен кейін оларға көптеген сенімді дәлелдер арқылы Өзінің тірі екенін ашық көрсетті: қырық күн бойы Ол елшілеріне көрініп, Құдайдың Патшалығы туралы тәлім беріп жүрді».29

Осылай деп жазу үшін елестер жеткілікті болмас еді. Мұның бір себебі – әр түрлі жерлерде, уақытта, адамдармен болған іс. Бірақ, сондай-ақ, галлюцинациялар орын алу үшін, адам шын мәнінде жоқ нәрсені жобалайтынына сену керек.

Мысалы, баласын жоғалтқан анасы күн сайын 3:30-да мектептен үйге келетінін есіне алады. Әр күні түсте есікке қарап, оны күтіп отырады, ақыры бір кезде оны көріп, және онымен әңгімелеседі. Сөйтіп ол шындықпен байланысын жоғалтады.

Исаның қайта тірілуіне қатысты шәкірттер осындай жағдайға тап болды деп ойлауға болатын еді. Алайда бәрі керісінше болды. Олар өз ойлағандарына қарсы Исаның өлімнен қайта тірілетініне сеніп кетті.

Иса Құдай ма?

Ізгі хабарларды жазған авторлардың төртеуі де Исаның физикалық тұрғыдан қайта тірілгенін баяндайды. Бірде Иса шәкірттерінің қасына келіп, әңгімелескен кезде, Тома ол жерде болмады. Томаға бұл туралы айтқан кезде, ол оларға сенбеді. Ол көнбей былай деді, «Мен Оның қолдарынан шегелердің орнын көрмесем, саусағыммен шегелердің орнын сипап, бүйіріндегі тыртығын қолыммен ұстамасам, Оның тірілгеніне еш сенбеймін, — деп жауап берді».

Бір аптадан кейін Иса оларға тағы да келді, бұл жолы олармен бірге Тома да болды. Иса Томаға: «— Менің қолыма саусақтарыңды тигізіп қара, алақаныңды бүйіріме қой және сенімсіз болмай, сенетін бол! — деді. Тома Оған: — Ием менің, Құдайым менің! — деп мойынсұнды.

Иса оған: «Тома, сен Мені көргендіктен Маған сеніп тұрсың. Ал Мені көрмесе де сенетіндер бақытты!» — деп жауап берді.»30

Иса Мәсіх сізге не ұсынып отыр?

Мәсіх өмірімізге бағыт көрсетеді және мақсат береді. «Мен дүние үшін Нұрмын. Маған ерген кісі енді түнекте жүрмей, шынайы өмірдің Нұрына ие болады».31

Көптеген адамдар жалпы өмірдің мақсаты мен жеке өмірлеріне қатысты қараңғылықта жүр. Олар өмір сүру бөлмесінде жарық сөндіргіш іздеп жүр. Қараңғыда, таныс емес бөлмеде болған кез келген адам бұл қауіпке байланысты сезімнің қандай болатынын біледі. Дегенмен, жарық жанып тұрғанда, қауіпсіздікті сезе бастаймыз. Бұл, бір кезде қараңғылықтан Мәсіхтегі жарық өмірге қарай қадам жасаған адамға ұқсайды.

Марқұм Карл Густав Юнг: «Біздің заманымыздың басты неврозы – бұл шарасыздық», - деген. Біздің ойымызша, тәжірибе, қарым-қатынас, ақша, табыс, атақ даңқ ақыр соңында бізді өзіміз іздеген бақытқа кенелтеді. Бірақ әрқашан бос орын қалады. Олар толық қанағаттандырмайды. Біз Құдай үшін жасалғанбыз және Ол арқылы ғана мақсатымызға жетеміз.

Иса былай деді: «Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді!»32

Сіз онымен тығыз қарым-қатынасыңызды тура қазір бастай аласыз. Сіз жердегі өмірде, өлімнен кейін мәңгілікте Құдайды жеке тануға кірісе аласыз. Міне, Құдайдың бізге берген уәдесі:

«Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады».33

Иса біздің күнәларымызды өзіне, айқыш ағашқа алып кетті. Ол біздің күнәміздің жазасын өз бойына алуды таңдады, сонда біздің күнәларымыз бізбен және оның арасында тұратын кедергі сияқты болмайды. Өйткені ол сіздің күнәларыңыздың құнын толығымен төлегендіктен, ол сізге толық кешірім сыйлап, онымен қарым-қатынаста болуды ұсынады.

Бұл қарым-қатынасты былай бастауға болады.

Иса былай деді: «Міне, Мен (сенің жүрегіңнің) есік алдына келіп, қағып тұрмын. Кімде-кім даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан дүниесіне еніп, онымен бірге «дастарқандас» боламын»34

Тура қазір сіз Иса Мәсіхті өз өміріңізге шақыра аласыз. Айтылған сөздер маңызды емес. Ең бастысы, сіз үшін оның не істегенін ескере отырып, және қазір сізге ұсынып отырғанын қабылдап, оған жауап бергеніңіз маңызды. Сіз оған мынау сияқты сөздерді айта аласыз: «Иса, мен саған сенемін. Менің күнәларым үшін айқышта өлгенің үшін рақмет. Мен сенен мені кешіруіңді өтінемін және өміріме енуіңді сұраймын. Мен сені танып білгім келеді және сенің артыңнан ергім келеді. Өміріме тура қазір келгенің үшін және өзіңмен қарым-қатынаста болуды бұйырғаның үшін рақмет».

Егер сіз Исадан өз өміріңізге келуін сұрасаңыз, біз сізге оны жақсырақ тану үшін көмектескіміз келеді. Сізге қандай-да бір көмек қажет болса, төмендегі сілтемелердің бірін басуыңызға болады.

 Мен жай ғана Исаны өз өміріме шақырдым (кейбір пайдалы ақпараттар легі)…
 Мен Исаны өз өміріме шақыруды қалауым мүмкін, өтініш, осыны толығырақ түсіндіріп берсеңіз…
 Менің сұрағым бар…

Пол Е. Литтлдің «Неліктен сенетініңді білгін» кітабынан бейімделген мәтін, Виктор Букс баспасы шығарған, авторлық құқығы (c) 1988, SP Publications, Inc., Wheaton, IL 60187. Рұқсатпен қолданылған.

Сілтемелер: (1) Матай жазған Ізгі хабар 7:29 (2) Матай жазған Ізгі хабар 16:15-16 (3) Жохан жазған Ізгі хабар 5:18 (4) Жохан жазған Ізгі хабар 10:33 (5) Жохан жазған Ізгі хабар 10:10 (6) Жохан жазған Ізгі хабар 8:12 (7) Жохан жазған Ізгі хабар 5:24 (8) Жохан жазған Ізгі хабар 10:28 (9) Марқа жазған Ізгі хабар 14:61-64 (10) Жохан жазған Ізгі хабар 8:19; 14:7 (11) 12:45; 14:9 (12) 12:44; 14:1 (13) Марқа жазған Ізгі хабар 9:37 (14) Жохан жазған Ізгі хабар 15:23 (15) Жохан жазған Ізгі хабар 5:23 (16) Жохан жазған Ізгі хабар 10:38 (17) Жохан жазған Ізгі хабар 8:46 (18) Петірдің 1-хаты 2:22 (19) Матай жазған Ізгі хабар 27:54 (20) Жохан жазған Ізгі хабар 9:25, 32 (21) Марқа жазған Ізгі хабар 4:41 (22) Жохан жазған Ізгі хабар 11:48 (23) Жохан жазған Ізгі хабар 14:6 (24) Жохан жазған Ізгі хабар 8:12 (25) Жохан жазған Ізгі хабар 10:28 (26) Марқа жазған Ізгі хабар 9:31 (27) Жохан жазған Ізгі хабар 10:18 (28) Матай жазған Ізгі хабар 26:52,53 (29) Елшілердің істері 1:3 (30) Жохан жазған Ізгі хабар 20:24-29 (31) Жохан жазған Ізгі хабар 8:12 (32) Жохан жазған Ізгі хабар 6:35 (33) Жохан жазған Ізгі хабар 3:16 (34) Аян 3:20

Басқалармен бөлісу:  

TOP