Өмірдегі менің мақсатым не?

Егер өз мақсатыңызды білетін болсаңыз, өмірдің мәні зор.

Балғаны мысал ретінде қарастырайықшы. Ол шегені қағу үшін арналған. Балға нақты осындай жұмысты атқару үшін жасалынған. Ал енді балғаны ешқашан қолданбайтынын көз алдымызға елестетейікші. Ол құрал-саймандар жәшігінде шаң басып жата береді. Ал балғаға бәрібір.

Ал енді дәл сол балғаны жаны және өзіндік сана-сезімі бар деп көз алдымызға елестетейікші. Күндер өз кезегімен өтіп жатады, ал балға әлі де жәшікте жата береді. Ол іштей өзін біртүрлі сезінеді, бірақ неліктен сондай сезім кернеп жатқанын түсінбейді. Оның өмірінде бір нәрсе жетіспейді, бірақ нақты не екенін білмейді.

Сөйтіп бір күні біреу оны құрал-саймандар жәшігінен алады да, алауошаққа отын болсын деп бұтақтарды сындыру үшін пайдаланады. Балғаның қуанышында шек жоқ. Оны әлдекім қолына алып, пайдаланып, бұтақтарды сындырып жатыр – балғаға бұл әрекет ұнап жатыр. Күннің соңы да келіп жетті, әйтседе балға әлі де өзінің атқарған жұмысына қанағаттанбағандай сезімде болады. Бұтақтарды соғу қызықты іс болды, дегенмен ол жеткілікті болмады. Әлі де бір нәрсе жетіңкіремейтіндей.

Келесі күндері оны жиі қолдана бастады. Ол доңғалақтың майысқан жерлерін түзетеді, гипсокартонды сындырады, үстелдің қисайған аяғын қайта қалпына келтіреді. Ол әлі де атқарған жұмысынан қанағат таппайды. Ол өзінің барынша көбірек іске пайдаланылғанын аңсайды. Осы уақытқа дейін істеген нәрселерінің оның қанағаттануға жеткіліксіз екенін түсінеді. Бұған қоса, ол атқарған ісінен қанағат таппауының бір шешімі барына сенеді.

Сөйтіп бір күні біреу оны шегені қағуда пайдаланады. Кенеттен балғаның жанында бір жарық жарқ етіп жанғандай болды. Енді ол не үшін жаратылғанын түсінді. Оның түпкілікті мақсаты шегелерді қағу. Оның атқарған барлық басқа жұмыстары шеге қағумен салыстыруға да тұрмайды. Қазір ол көп уақыттан бері өз жанының нені іздеп аңсағанын біледі.

Біз Құдаймен қарым-қатынаста болу үшін Оған рухани жағынан ұқсас жаратылғанбыз. Құдаймен қарым-қатынаста болғанда ғана біз жанымызға толықтай қанағат табамыз. Құдайды танығанға дейін, біз неше түрлі тамаша нәрселерді басымыздан өткердік, бірақ біз әлі де «шегені қаққанымыз» жоқ. Бізді қандай-да бір игілікті мақсаттар үшін қолданды, дегенмен, олардың ешқайсысы біздің жанымызды қанағаттандыратын, сол істерді атқару үшін жаратылуымыздың түпкілікті мақсаты болған жоқ. Августин осыны былай деп қорытындылаған: «Сен [Құдайым] бізді Өзің үшін жаратқансың, ал біздің жүректеріміз Сенен тыныштық таппайынша тынымсыз күйде қала береді.»

Ал Құдаймен қарым-қатынас қажыған жанымызға тыным беріп, шөліркеуін басатын жалғыз нәрсе. Иса Мәсіх былай деген: «Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді!». Құдайға бет бұрмайынша біз өмірде рухани ашығып, рухани шөліркеп жүре береміз. Біз аштығымыз бен шөліркеуімізді қандыру үшін неше түрлі нәрселерді «ішіп-жейміз», бірақ одан кете қоймайды.

Біз балға іспеттіміз, өміріміздегі бос қуыстықты, қанағат таппауды ненің жоятынын түсінбейміз. Тіпті фашист концлагерінде жүріп Корри Тен Бум Құдайдан толықтай жанына тыным мен қанағат тапты: «Біздің бақытымыздың негізі - Мәсіхпен бірлесіп сүрген жаңа өміріміздің ел көзінен таса, Құдайдың алдында екенін білу. Біздің тұңғиық қара түнектен де мықты Жартамысымыз Құдайдың сүйіспеншілігіне сенгеніміз».

Әдетте, біз Құдайды өмірімізден ысырып тастағанда, жанымызды қанағаттандыратын нәрсені басқа жақтан табуға тырысамыз, бірақ сол нәрседен ешқашан қанағат таппаймыз. Қате түсінікпен «көп» біздің мәселеміздің жауабы деп ойлап, барынша көп «ішіп» не «жей» береміз, бірақ сайып келгенде, біз ешқашан толықтай қанағат таппаймыз.

Біздің ең асыл тілегіміз Құдайды тану, Онымен қарым-қатынаста болу. Неге? Өйткені біз сол үшін жаратылғанбыз. Сіз «шеге қағып көрдіңіз бе»?

Осы жайлы көбірек Шынайы өмір мақаласын оқи аласыз.

 Менің сұрағым бар…
 Құдаймен қарым-қатынасты қалай бастау қажет?
Басқалармен бөлісу:  

TOP