Коронавирус (COVID-19) - Мазасыздықпен қалай күресу керек

Коронавирусты ойлаудан туындайтын мазасыздықтан, күйзелістен не кез келген уайыммен күресудің сенімді әдісін қолданып, жанымыз бейқам тыныштыққа кенеліп өмір сүру...

Мэрилин Адамсон

Көптеген адамдар үшін Коронавирус (COVID-19) дабыл қағып үрей тудырған мәселеге ұлғайып кетті. Дерт өзінің тізіміне жаңа елдерді, жаңа өлімдерді қосып жайылуда.

Алайда, мысалы сізді басқа бір қауіп-қатер мазаңызды алаңдатып жүрген болар.

Көптеген адамдар үшін Коронавирус (COVID-19) дабыл қағып үрей тудырған мәселеге ұлғайып кетті. Дерт өзінің тізіміне жаңа елдерді, жаңа өлімдерді қосып жайылуда.

Алайда, мысалы сізді басқа бір қауіп-қатер мазаңызды алаңдатып жүрген болар. Күнделікті біз күйзелісті (стрессті) сезінудің түрлі себептерімен қақтығысып жатамыз.

Бұл тізім тым ұзын... лаңкестік, климаттың өзгеруі, нәсілшілдік, соғыстар, үкіметтің әрекетсіздігі, кедейлік, жыныстық зорлық, адам құлдығы, табиғи апаттар, жеке қаржылар, ауру-сырқаулар, жұмыс қауіпсіздігі, стресстік қарым-қатынастар, тәуелділік және т.б.

Оларды тізбектеп сипаттаудың өзі қиын.

Біз быдан былай жеке өзімізге ненің әсер етіп жатқанынан хабардар емеспіз. Интернет бізді бүкіләлемдік азаматтарға айналдырды. Біз әлемнің кез-келген түкпіріндегі маңызды мәселелерден хабардармыз... әр күні... әр минутта.

Жаңалықтар дабыл қаққан оқиғаларға назар аударатын біздің адами бейімділігімізді, біздің қорқынышымызды қоректендіріп отырады.

Дегенмен, мазасыздықты тудыратын себептердің көпшілігі - өте жеке мәселе. Ол біздің өмірімізде болып жатқан нәрселер.

Ол орын алып жатқан жағдайларды басқара алмайтынымызды ұғынып, сезімге бұлығу күйі. Біз қауіп-қатерді сезінеміз. Дәрменсіздік. Бұл біреудің бізге бір нәрсе.

Осындай кезде жан тыныштығын сезінудің жолы бар ма? Иә.

Коронавирус жайлаған кездегі жан тыныштығы

Бұл мақала сізге Коронавирус (COVID-19) немесе басқа да алаңдаушылық тудыратын жағдайларда жан тыныштығын сезінудің нақты, сенімді жолдарын ұсынады.

Бірінші, дәрі-дәрмектер туралы сөз қосайық. Егер сіз мазасыздықпен күресіп жүрген болсаңыз, егер сіздің мазасыздығыңыз сізді депрессияға және зиян келтіру туралы ойларға итермелесе, онда өтініш, медициналық көмек алу үшін дәрігерге қаралыңыз. Сізде дәрі-дәрмектерді қажет ететін химиялық теңгерімсіздік болуы мүмкін. Кейде біздің миымызда ойлаудың жаңа жолдарын қалыптастыру үшін медициналық көмекке мұқтаж үлгілер, жолдар бар.

Диабетке шалдыққан адамдарға инсулиннің қажеті сияқты, мәселелерге объективті, байсалды қарауға мүмкіндік беретін дәрі-дәрмектер бар. Дәрі-дәрмектер мазасыздықпен ауыратын көптеген адамдардың өмірін едәуір жақсартатындығын көрсетті.

Дегенмен, жағдайларды байсалды да орынды көре білу - шешімнің бір бөлігі ғана. Бұл көмектеседі, бірақ шынайы жан тыныштығын қамтамасыз етпейді. Бұл аяғын сындырып алып, жүруін тоқтатқан адам іспетті. Бұл көмектеседі. Бірақ олардың аяғы әлі сынық.

Сіздің елде коронавирустың тынши бастағанын есту көмектеседі, бірақ мазасыздықты тудыратын басқа да көптеген әлеуетті себептер бар ғой. Өмір қиын.

Сізге қажеті - қиын жағдайларға қарамастан, сіздің ақыл-ойыңыз бен жүрегіңіздің тынығуына мүмкіндік беретін тұрақты жан тыныштығы.

Мазасыз жағдайлардағы сенімді тәсіл

Мен жылдар бойына атеист ретінде үнемі сенімді болатын философияны іздеумен болдым. Мен өзімді өмір бойына бағыттап жүретін әрі кез-келген жағдайда «әрекет ететін» философияны қалаған едім. Мен Сартр, Платон, Сократ, Достоевский, Ницше, Юм және тағы басқалардың туындыларын оқыдым.

Мен философия жеткіліксіз деген шешімге тоқталдым. Ол барлық мәселелерімді иығыма асып қойды.

Психология ұқсас болуы мүмкін. Ол көмектесе алуы мүмкін, бірақ психологтар көбінесе бізге жағдайларға басқаша көзқараспен қарауға тырыстырады. Мыңдаған адамдарға диагноз қойылып, өлім саны көбейіп бара жатқан Коронавирусқа (COVID-19) басқаша көзқараспен қарау қиын.

Менің шынайы жан тыныштығын іздеуімде кез-келген жағдайға қарамастан дін де бос болып көрінді. Мен салт жораларды, медитацияны, доктриналарды іздеп жүрген жоқ едім. Олар сыртқы реквизиттер сияқты көрінді. Бізді шынайы мәселелерден еліктіруге тырысатын зияттық ойындар іспетті. Жай негізі жоқ позитивті ойлау. Бар болғаны плацебо ғана.

Мен шынайы қиындықтарға деген өмірдегі әлеуетті білдім. Мен маған өмір не лақтырмаса да, сенімді болатын бір әдісті білгім келді.

Көптеген адамдар ғылым коронавирустың емін де, алдын-алуын да табады деп үміттенеді. Алайда, вирустар барған сайын олар бізде болып, тіпті мутацияланған формада көптеген жылдар бойына бойымызда жатуы мүмкін. Ғылым бәрін білгіш не бәрінен де күшті емес.

Мен тұрақты жан тыныштығының қайнар көзін іздеп жүргенімде, мен өміріне таң қалатын адаммен достастым. Ол кісі Құдай туралы жиі айтатын. Оның Құдай туралы әңгімелері мені расында Құдай бар ма екен деген ойға шомдыратын.

Құдайдың бар екендігінің мүмкіндігі мені ұзақ сұрақ қоюдан, зерттеуден және көптеген мықты қорғаныстарды ұстап тұрудан басталды. Мен шындыққа жатпайтын нәрсеге иланып қалғым келмеді.

Ғылым шешімге нұсқайды

Шамамен бір жарым жылдай байыпты ізденісімнен кейін, Құдай туралы дәлел тым салмақты болғаны соншалық, қашқақтауға жол жоқ. Құдайдың бар екендігін мойындауға маған ғылым түрткі болды… Жердің күнге қарап мінсіз орналасқан жері, судың күрделі қасиеттері, адам денесінің құрылымы және т.б.

Жердегі тіршіліктің пайда болуын құптайтын көптеген ғылыми деректер «кездейсоқтық» ілімін мағынасыз етті. Мен Құдайдан Онымен қарым-қатынас жасау үшін менің өміріме келуін сұрадым.

Мен расында “Құдай — біздің панамыз да күшіміз, қиын кезде сенімді көмекшіміз” екенін білдім.1

Қорқынышпен жүздескендегі жан тыныштығы

Құдайдың бар екенін және оның бізге қамқорлық жасайтынын білу қандай жағдайлар болмасын, біздің жан тыныштығын сақтауға деген қабілетімізге зор әсерін тигізеді. Ойымды түсіндірейін.

8 жасар кішкентай баланы тисіп жатқан бұзақыны көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Оның жейтін түскі асын күнде тартып алады. Оны күшпен итермелеп, келемеждеп өздері мәз болады. Ол бұзақымен сөйлесуге тырысады, онысынан түк шықпайды. Ол бұзақыдан аулақ жүруге тырысады, онысынан да түк шықпайды. Ол мұғаліміне айтады, бұдан да жарытып ештеңе шыға қоймайды.

Содан кейін бір күні үлкенірек оқушы (бұзақыдан әлдеқайда үлкенірек) жанашырлықпен араласады да, бұзақыға мына оқушыға күн көрсетпейтін уақыттың аяқталғанын айтады. Бұзақыдан әбден қорлық көрген оқушының қазір жаны тыныш. Бұзақы әлі де бар, бірақ 8 жасар бала өзін еркін ұстай алады, өйткені одан үлкендеу біреу оған қамқорлық жасайды.

Бізге өмірде дәл осындай көмек ұсынылады. Құдай біздің тап болатын кез келген мәселеден үлкен. Ол бізді жаратқан және бізге қамқорлық жасауға ерік білдіреді және жасағысы келеді.

Вирус күйзелісі кезіндегі жан тыныштығы

Өмірдің қысылтаяң шақтарында Иса нәзіктікпен былай дейді: «Қиналып қатты шаршап-шалдыққандар, еңселерін тым ауыр жүк басқандар, Менің қасыма келіңдер, бәрің, жандарыңды Мен рақатқа бөлеймін!»2

Бұл ғаламды, жұлдыздар мен планеталардың галактикаларын, миллиардтаған тіршілік пен өсімдік түрлерін, күрделі экожүйе мен адам өмірін жаратқан Құдай. “Сен істей алмайтын тым қиын нәрсе жоқ!”3 Ол бізді көмек сұрауға Өзіне келуге шақырады.

Иса Құдайды үнемі бізді сүйетін көктегі “Әкеміз” деп сипаттаған.

Жақсы әке өз балаларын қорғайды, қамтамасыз етеді, үйретеді, сүйеді, қамқорлыққа алады, құрбан етеді. Ол әрқашан балаларына өзінің оларға деген сүйіспеншілігін растап отырады.

Егер сіз ата-анаңызбен не сізді осылай сүймейтін әкеңізбен өскен болсаңыз, онда «Әке» деген термин сіз үшін жағымсыз болуы мүмкін. Шындығында, кейбір адамдардың мазасыздығы терең қорғалмағандық пен қорқыныш ұялатқан өз ата-аналары немесе өмір сүру жағдайларына байланысты басталуы әбден мүмкін. Сізде зорлық көруді бастан өткерген боларсыз. Немқұрайлылық. Тастап кету.

Осындай бастан өткерген тәжірибелер біздің әлемге, өзімізге және басқаларға деген көзқарасымызды бұрмалауы мүмкін. Әйтседе, Құдаймен қарым-қатынас жаңа өмірдің бастамасына әкеледі. Иса бұны тіпті қайта туылу деп атаған. Сіз Құдаймен қарым-қатынасты бастағанда өмір басқаша, жаңаша болады.

Коронавируспен (COVID-19) байланысты біздің ең үлкен қорқынышымыз – оны басымыздан жалғыз өткізу, немесе өз атымыздан немесе жақындарымыздың атынан онымен күресуге эмоционалды немесе физикалық күшіміздің болмауы. Бұл бізді қорқытатын кез-келген нәрсеге де қатысы бар. «Менің қолымнан келер ме екен?»

Қиындықтарға кезіккен кездегі күшіміз

Сізді жаратқан Құдай, сіз туралы бәрін де біледі. Сіздің шыққан тегіңіз, тарихыңыз, өміріңіз. Басыңыздан өткен оқиғалар. Жетістіктеріңіз. Өмірдегі армандарыңыз (немесе олардың жоқтығы). Сіздің жан азабыңыз. Сіздің болашағыңыз. Қарым-қатынастар. Мүлдем бәрін. Иса сіздің өміріңіздің ең кішкентай, елеусіз бөлшектері туралы білетінін айтты: «Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі!»4

«Уа, Жаратқан Ие, мені сынап тексердің, Сен мені толығынан танып білесің: Отырғаным, тұрғаным да Саған аян, ойларымды біліп, ұғасың алыстан. Жүрейін не демалайын, көз алдыңдамын, жолдарымның барлығы да Саған айқын. Сөз шықпай тұрып-ақ менің аузымнан Оны толық білесің, уа, Жаратқан!...»5

Ол сіз туралы бәрін біледі. Бұл әлемдегі ең қауіпсіз қарым-қатынас - бұл бізді сүйетін Құдаймен қарым-қатынас.

Түнекте жетелеу

Құдай ешқашан біздің осы өмірден жеке өз бетімізбен өте шыққанымызды ниеттемеген. Құдай бізді бағыттап басқаша өмірге жетелегісі келеді. Бізге түнекте, сенімсіздікте қайта-қайта сүріне берудің қажеті жоқ.

Иса: «— Мен дүние үшін Нұрмын. Маған ерген кісі енді түнекте жүрмей, шынайы өмірдің Нұрына ие болады, — деді».6

Бізді мынаны істеуге шақырған: «Барлық уайымдарыңды Құдайға сеніп тапсырыңдар, себебі Ол қамдарыңды ойлайды!».7 Біз тап болатын кез-келген мәселені, оның ішінде қауіпті вирусты қоса алғанда, жалғыз көтерудің қажеті жоқ. Біз одан қандай мұқтаждығымыз болмасын сұрай аламыз, ал Ол Өзінің сүйіспеншілігі мен даналығымен реттеп, біздің мінажаттарымызға сүйгіш Әкедей қарап әрекет етеді. Бұл біздің қиын жағдайлардан азатпыз дегенді білдірмейді. Сүйгіш әке күрестердің, сәтсіздіктердің, көңіл қалушылықтардың орын алуына жол береді.

Дегенмен, Құдай бізге қамқорлық жасай алады және жасайды да.

Мен Құдайдың мінажатқа көп жауап бергенін көргенім сонша, мен олардың барлығын санай да алмаймын. Сондай-ақ, менің Құдайдан сұраған, бірақ әлі жауап алмаған мінажаттарым да баршылық. Бірақ менің бір білетінім Құдай ауқымды қарайды, уақыт-сағаты келгенде Ол бізді: «…барлық жағдайларда Құдай Өзін сүйетіндердің игілігі үшін әрекет етеді, себебі Ол бізді өз мақсатына сай таңдап алды» деп сендіреді.8

Маған маңызды шешімдер қабылдау үшін өмірімде бағыт көрсету қажет болған кезде, Құдай ... ап-анық ашып берді.

Бір жағдайға байланысты жігерсізденіп, еңсем түскенде, Ол маған жұмсақ сөйлеп, менің көзқарасымды түзеді, маған Өз көзқарасын берді мен оны Киелі кітаптан іздегенімде. Оның басшылығы мені қайтадан мықтап аяғыма тұрғызды, жүрегіме жан тыныштығын берді.

Мен Құдайдың сүйіспеншілігінің мені сенімсіздіктен босатқандығын және өз табиғатымнан тысқары адамдарға деген мол жанашырлық бергенін көрдім.

Құдаймен қарым-қатынаста болу дегеніміз міне осындай, Ол бұны кез-келген адамға ұсынады. Киелі кітапта Құдайды керемет ақылды Кеңесші, Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке, Тыныштықты сыйлайтын әмірші ретінде сипаттайды. Және Ол осының бәрі болып табылады.

Опаттан азат болу

Сізге мына жайтты айта кетейін, Құдаймен қарым-қатынаста болу, біз өмірдің қиындықтарынан аулақ жүреміз дегенді білдірмейді.

Менің өмірімде бір оқиғаға тап болып, ештеңе істей алмаған уақыт болды. Жүктіліктің төртінші айында маған қандай-да бір мәселелердің бар екені жайлы айтылды. Мен осы мәселенің нәтижесі қандай болмасын, Құдайды жеткілікті жақсы білгендіктен, Оған сеніп тапсыра алдым. Біздің баламыз өлі туылды.

Мен Құдайға осыны сеніп тапсыруға қабілетті болғандықтан, дей тұрғанмен зілдей қайғы басып тұрса да, мен ешқашан ыза, ашу не мазасыздықпен арпалыспадым.

Алайда мені таңқалдырған бір сезім болды. Баламыз қайтыс болғаннан кейін, менде күйеуімнің де өлуі мүмкін деген қорқынышпен күрес басталды. Мен Құдайдан осы қорқынышқа сөйлеуді және оған қалай дұрыс қарау керектігін көрсетуді сұрадым.

Құдай маған Забур жырларындағы мына мәлімдемені көрсетіп мінажатыма тез жауап берді:

«Сен Жаратқанға сенім артып келесің, Алла Тағаланы панаң етесің. Басыңа енді жамандық түспейді, үйіңе ешбір апат та төнбейді...»9

Құдай ешкім ешқашан өлмейді деп уәде бермейтінін білдім. Бұл Құдайдың уәде ететін нәрсесі емес. Алайда, Құдайға мен сенім артатын панам ретінде қараймын, тіпті күйеуім қайтыс болса да, Құдай оның менің өмірімде “жамандық” болуына жол бермейді. Құдай оның мені жеңуіне, құртуына, зиян тигізуіне жол бермейді. Мен аман-есен боламын.

«Сізбен ешқандай жамандықдың болуына жол бермейді». Құдай шек қояды. Егер біз Оған сенім артсақ, біз жағдайлардан басқаша өтеміз... жанымыз тыныштықта болады.

Ешқандай мәселе тым үлкен емес, тіпті Коронавирус та

Иса былай деген: «...Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым!»10

Сондықтан бізге былай деп айтылған: «Иеміз қастарыңда ғой. Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер! Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой-саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды».11

Бұл қалағаныңды шындық деп қабылдау ма? Жоқ. Құдайдың қабілеті мен құдыретінің дәлелдеріне қараңыз.

Қазір біз өмір сүріп жатқан жер сағатына 1000 миль (сағатына 1600 ш.) айналуда. Бірақ біз осы айналымның жасап жатқан күннің шығысы мен батысының сұлулығынан ләззат алып мінсіз тыныштықты сеземіз.

Сондай-ақ, Жер де күнді сағатына 67 000 миль айналып өтеді. Тіпті осы жылдамдықта болса да, ол күннен мінсіз қашықтықты сақтайды, тым алыс та емес, тым жақын да емес.

Сіз сондай-ақ Құдайдың ізгілікті ниетін адам денесінің кез-келген саласынан көре аласыз... бұл жасушалық құрылым, жүйке жүйесі, тыныс алу жүйесі және т.б. сіз күніне 23 000 дем алатындығыңызды білдіңіз бе? Ал бұны істейтін сіздің өкпеңіздің массасы кеудемізде ұқыптылықпен орналастырылған теннис корты мөлшеріне тең келеді.

Сіздің миыңыз секундына миллионнан астам хабарламаны өңдейді, оның көп бөлігін фондық режимде сақтайды, сондықтан да сіз математика есептеріне не футболда көздеген мақсаттарыңызға қол жеткізуге назар аудара аласыз.

Құдай миллиардтаған галактикалар туралы білетіні сияқты, Ол сіздің өміріңіздің барлық үлкенді-кішілі бөлшектерін де біледі. Ол сізді сүйеді.

Қамыңды ойлайтын Қамқоршы

Ол сізді сүйеді, сіз не мен лайықты болғандықтан емес, өйткені Оның табиғаты сондай, Өзіне сенетіндерді сүйеді әрі оларға қамқор болады.

Құдай былай дейді: «Қорықпа, Мен саған жар боламын. Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын! Саған қуат беріп көмектесемін. Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін».12

«Сен мынаны естіп, білмеуші ме едің: Мәңгілік Құдай — сенің Жаратқан Иең. Шексіз зор даналығы Өзінің, Ол жаратты жердің түкпір-түкпірін! Ешқашан Құдай шаршап-шалдықпайды, Қалжырағанға Ол қуат сыйлайды. Қажып, шаршағанға күш табыстайды.

Жасөспірімдер әлсіреп шаршайды, тіпті жігіттер де сүрініп құлайды. Ал сенім артқандар Жаратқан Иеге жаңа күш-қуатты иемденеді де. Қырандай қанаттарын жайып кеңістікке самғай жөнеледі, алайда талмайды. Жүре береді, бірақ еш болдырмайды».13

Иса былай деген: «Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар”14 Ол біздің тап болатын кез келген мәселеден әлдеқайда үлкен.

Коронавирустан (COVID-19) немесе кез-келген күрделі мәселе туралы мазасызданудан арылу - Құдайдың қабілетті екенін білуді білдіреді, Ол сіздің қамыңызды ойлайды және сіздің атыңыздан әрекет етеді. Құдайды осындай жолмен білу үшін алдымен сізге Онымен қарым-қатынасты бастау керек.

Егер сіз Құдаймен қарым-қатынасты бастағыңыз және Оның сізге деген сүйіспеншілігін білгіңіз келсе, мына мақала осыны жақсы түсіндіріп береді: Құдайды жеке танып-білу.

 Құдаймен қарым-қатынасты қалай бастау қажет?
 Менің сұрағым бар…

Сілтемелер: (1) Забур 45:2 (2) Матай жазған Ізгі хабар 11:28 (3) Еремия 32:17 (4) Лұқа жазған Ізгі хабар 12:7 (5) Забур 138 1:4 (6) Жохан жазған Ізгі хабар 8:12 (7) Петірдің 1-хаты 5:7 (8) Римдіктерге хат 8:28 (9) Забур 90:9-10 (10) Жохан жазған Ізгі хабар 16:33 (11) Філіпіліктерге хат 4:4-7 (12) Ишая 41:10 (13) Ишая 40:28-31 (14) Жохан жазған Ізгі хабар 14:27

Басқалармен бөлісу:  

TOP