Құдай жақсы ма? (1:45)

 Менің сұрағым бар…
 Құдаймен қарым-қатынасты қалай бастау қажет?

Бейне транскрипті:

Құдай жақсы ма? Егер Ол жақсы болса, онда неге әлемде азап пен зұлымдық бар?

Бір сәтке Құдайды құдыреті күшті деп жобалап көрейік. Бұның мағынасы Құдай ақылға қонымды кез келген нәрсені жасай алады дегенді білдіреді. Яғни, Ол галактикаларды, субатомдық бөлшектерді, тропикалық ормандарды және сізді жарата алады.

Бірақ Құдай ақылға қонымсыз мүмкін емес нәрсені жасай алмайды. Ол төртбұрышты шеңберді немесе тек бір ұшы ғана бар таяқты жасай алмайды. Сонымен, Құдай Өзі көтере алмайтын сондай үлкен тасты жасай алады ма? Жоқ.

Сонымен, Құдай адамдарды жаратқан кезде, олардың еркін болғанын қалаған болса ше? Еркіндік жақсы нәрсе. Бірақ, егер адамдар еркін болуы керек болса, онда оларды Құдайға мойынсұнуға мәжбүр етуге болмайды, өйткені таңдау берілмейтін еркіндік төртбұрышты шеңберге ұқсайды. Бұл ақылға қонымды қайшылық. Таңдау болмаса, еркіндік те жоқ.

Құдай роботтарды қалаған жоқ. Ол шынайы адамдарды қалады.

Еркін таңдаудың керемет билігі берілген алғашқы адамдар өздерінің еркіндігін теріс пайдаланды. Олардың нашар таңдауының қайғылы салдары мен біздің нашар таңдауларымыз бүкіл әлемге жайылып кетті.

Құдай еркіндік фактісіне жауапты, бірақ адамдар өз еркіндіктерімен жасалған істеріне жауапты.

Бірақ есімізде болсын, біз жалғыз зардап шекпейміз. Құдай зардап пен зұлымдықтың тамырына балта шабады. Сөйтіп, Құдай бізбен бірге зардап шегу үшін адамға айналды.

Құдай жақсы, Ол сіз сияқты шынайы адамдардың Өзін танығанын қалайды, бірақ таңдау еркі сізде.

 Менің сұрағым бар…
 Құдаймен қарым-қатынасты қалай бастау қажет?
Басқалармен бөлісу:  

TOP